Қаз   Рус

Экономика құлдыраған сайын әншілер байып жатыр

270 қаралды
0
Ақан ЖАХАНҰЛЫ
Воскресенье, 10 Дек 2017, 10:30

Әншілер мықты болса, шетелге шығып ән салып елімізге валютамен кіріс кіргізсін

Әнші-күйшілерден шаршадым. Еліміздің экономикасы құлдилаған сайын бұлар байып жатыр. Бұлар көбейген сайын экономика құлдилай береді.

Оқи отырыңыз
Көлік салығын төлемеген Ерке Есмахан мен Ернар Айдардың ісі сотқа берілді

Өйткені, бұлар экономиканы сүйрейтін локомотив емес, тек сүйретіліп жүрген қосымша вагон. Үкімет локомотивке жақсылық жасаудын орнына вагонды, оның өзінде халық отыратын пайдалы вагон емес, сайқымазақтар толған пайдасыз вагонды қошеметтеуін қояр емес.

Олар болса одан әрі дандайсып, кісімсіп теледидар бетінен түспейді. Тойға шақырса "ставкам" бәленбай мың доллар деп шіренеді. Сондағы бар бітіргені жарты сағат ауаны тербеткені. Асабалары 3-4 сағат. Ұрлықпен байығандарға бәрібір, қанша сұраса да береді. Ал ақшасы жоқтар соңғы жиғанын береді, жоқ болса кредитке кіреді.

Біз қайда барамыз? Крыловтың мысалындағыдай шырылдауық шегіртке боламыз. Шырылдап, селкілдеп билеп жүргенде қалай дамимыз? Неге ғылым мен техникаға күшті, назарды, ақшаны салмасқа? Америка несімен Америка болып тұр?

Windows-ымен, Google-мен, Facebook-пен, Tesla-сымен, SpaceX-мен АМЕРИКА болып тұр, Еуропа Mersedes, аэробус A320-мен ЕУРОПА, Қытай Aliexpress, Huawei, Xiomi-лерімен ҚЫТАЙ болып тұр. Ал Қазақстан әнші-күйшілерімен әлі күнге қазақтан болып әлі келеді.

Оқи отырыңыз
Қазақтың ділі

Әншілер мықты болса, халқына шын пайда әкелгісі келсе шетелге шығып ән салып елімізге валютамен кіріс кіргізсін! Шетелге шығып қазақша айтады ма, әлде шетелше айтады ма, бәрібір, тек Қазақстан үшін пайда тапсын! Ресейдің, шетелдің әншілері келіп миллиондап ақша алып кетеді ғой. Біздікілердің олардан несі кем? Қашанғы мұнай, газ, басқа қазба байлықтарымызды ғана валютаға сатамыз? Тек сонда ғана халық оларды шын сыйлайтын болады, шын құрметтейтін болады. Тек сонда ғана әншілер "халқым" деп айтуға рұқсат.

Аңқау елге арамза молда деуші еді. Қазір оған арамза әнші қосылды.

Мынау ғылым мен техниканың дамыған заманда алға жылжу, тіпті бір орында қалу үшін бізге тек ғылым мен техниканы дамыту керек! Соны ойланайық, халайық.

Дереккөз: Ақан Жаханұлының Facebook парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды. 

Фото: gigarecords.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.