Қаз   Рус

Халық полицияның «покаяниесін» күтеді

130 қаралды
0
Марат ТОҚАШБАЕВ
Пятница, 22 Дек 2017, 16:30

1986 жылғы көтерілісті жаншыған 4 мыңнан астам милицияның 37-сі ғана алған марапатын қайтарып беріпті

Қазақстан полициясы ағаруға, тазаруға, арылуға, өкінішті өткенінен қол үзуге мұқтаж. Өйткені кадр өзгергенмен жүйе қалды, форма өзгергенмен ішкі мерездік қалды, мән өзгергенмен ішкі мазмұн сол күйі сақталып қалды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде көтеріліске шыққан қазақ жастарын аяусыз жазалағандардың қатарында қазақстандық милиция да болғаны жасырын емес.

Оқи отырыңыз
Жаңаөзен естеліктері

 

Содан бергі өткен 30 жылдың ішінде тәуелсіздік арқасында полиция атанып, жаңа форма кигендер рухани тазара алмады. Жер шарын Екінші жаһан соғысына тап қылған Германия да әлем жұртшылығынан сол үшін кешірім сұрап еді. Ал біздің Ішкі істер органдарының басшылары, МҚК (КГБ), Бас прокуратура, Сот басшылығы тарапынан да бірде біреуі әлі күнге ағынан ақтарылып, өткеніне өкініп, кезінде өздері қан қақсатқан халықтың алдында еңіреп тұрып кешірім сұрамады. Сол үшін алған орден-медальдарын қайтарып бермеді. Өткенінен арылмады. Ведомстволық әлемі тазармады. Кешегісімен аражігін ажыратпады. Тарихи нүкте қоймады.

Сондай батыл қадамдарға барып, халық арасындағы «муссор» атынан тазарса біздер қуанар едік. Өкінішке қарай милиция ішкі жан дүниесі іріп-шіріген, былыққан күйде «полиция» атауымен тәуелсіздік кезеңіне өтіп кетті. Сөйтіп сталиндік террор (1986 ж), жазықсыздарды жазалау (Арон АТАБЕК, Мұхтар ЖӘКІШЕВ, Макс БОҚАЕВ, Талғат АЯН т.б., өз халқына өзі оқ ату (Жаңаөзен) әлі күнге жалғасып келеді. Патшалық Ресей жандармериясының кеңестік кезеңде өлмеген ұр да жық мінез-құлқы Қазақстан полициясының ағзасында әлі күнге буы бұрқырап тұр.

Әлбетте бұл жерде құқық қорғау қызметкерлеріне түгелдей қара бояу жағудан аулақпыз. Рас, қылмыс әлемімен күресте өмірін аямаған, өз ісіне адал офицерлер әлі де баршылық. Олар құрметке лайық. Бірақ былық та аз емес. Халықтың өкпе-назы негізінен басшылыққа қатысты.

Саясаткер Дос Көшім келтірген деректерге қарағанда 1986 жылғы қазақ халқының көтерілісін басып-жаншуға қатысып, сол үшін награда алған құқық қорғау органдарының 4 мыңнан астам қызметкерінің ішінде 37 адам ғана өткен іске өкініш білдіріп алған марапатын қайтарып беріпті. Ең бірінші болып сол тұста Алматыда әскери қызметте болған қырғыз азаматы Талайбек МОЛДАБЕКҰЛЫ Жоғарғы Кеңестен алған грамотасынан бас тартқан. Ол «Жазықсыз жандардың қаны жағылған бұл лас затты мен кері қайтарамын. Бұл зат менде сақталуға лайық емес. Мен фашист емеспін, оның үстіне – мәңгүрт емеспін», – деген.

Тап осындай әрекетке бес жыл бұрын Шымкент тұрғыны, мамандығы инженер, «Ел бірлігі» деп аталатын тәуелсіз газеттің редакторы Мұхтар Мұхамбетжан да барған. Ол Жаңаөзен оқиғасы тұсында: «Үкімет әскерлері отандастарымды Тәуелсіздік күні атып өлтіріп жатқанда, биліктен медаль алуға менің ар-ұятым жібермейді» деп желтоқсанның 21-і күні медальді қайтарып берген.

«Ештен – кеш жақсы» дейді ғой. Жекелеген мұндай фактілер құбылысқа айналар күн де келер. Грузин кинорежиссері Тенгиз АБУЛАДЗЕ 1987 жылы экранға жол тартқан «Покаяние» ("Өкініш") деген фильмі болған. Онда халыққа қиянат жасағандарды қара жер де қабылдамайтыны баяндалатын. Қазақ «Бұл дүниенікі о дүниеге кетпейді» дейді ғой. Халық полицияның «Покаяниесін» күтеді!

Фото:  lada.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."