Қаз   Рус

Маңғыстаудан мұнай шыққанымен, өңдейтін зауыты жоқ

68 қаралды
0
Жәнібек ҚОЖЫҚ
Среда, 27 Дек 2017, 15:30

Еліміз егемендік алғанға дейін зауыт салуға Мәскеу, ал тәуелсіздік алғаннан кейін Астана рұқсат етпей келеді

Маңғыстауға мұнай және газ өңдейтін зауыт салатын кез келді.

Маңғыстау облысы мұнай мен газдың арқасында Республиканың ортақ қазынасына қомақты қаражат салып отыр. Бұл қазыналы өлкеде аянбай жұмыс жасап жатқан қарапайым еңбек адамдарының арқасы. Маңғыстаудан мұнай шыққанымен, оны өңдейтін зауыты жоқ. Маңғыстауға мұнай өндейтін зауыт саламыз дегенімізге де 30 жылдан аса уақыт өтіпті. Еліміз егемендік алғанға дейін зауыт салуға Мәскеу, ал тәуелсіздік алғаннан кейін Астана рұқсат етпей келеді. Соның салдарынан елімізде бензин тапшы. Әлі күнге дейін шелегімізді даңғырлатып көршімізге қарап «бензин сұрап» телміріп отырмыз. Бұл елдігімізге сын, егемендігімізге мін емес пе?!

Оқи отырыңыз
«Есекке қанша мотивация берсеңде тұлпар болмайды»

Ал, Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ашылғанына 45 жыл уақыт болды. Қазір зауыт ескірді, жиі-жиі бұзылып жөндеу жұмыстарына тұрады. Сонымен қоса бұл зауытта газды бөлу мен сату кезінде неше түрлі құйтырқы заңсыз әрекеттер орын алуда. Соның салдарынан Маңғыстау облысында көліктерге құятын сұйытылған газ жетпей жатыр. Бұл қолдан жасалған қиындық халықтың билікке деген сенімсіздігін күшейтіп барады. 
Маңғыстаудағы сұйытылған газ мәселесін 10 жылдан бері облыс әкімдері толық шеше алмай келеді. Біздің облыс басшыларына ешқандай өкпеміз жоқ, себебі халықтың айтуы бойынша газдың көкелері Астанада отырған көрінеді. Қожайындарға халықтың қиналғаны, наразы болғаны керек емес, оларға қалталары толғаны қажет. Қазір Маңғыстаудағы жеңіл көліктердің 90 пайызы газбен жүреді.

Ал көлікке құятын сұйытылған газ ай сайын қымбаттап барады. Маңғыстау облысында азық-түлік те, тұтыну тауарлары да өзге облыстармен салыстырғанда өте қымбат екені белгілі. Жалғыз арзаны өзімізден шығатын газ болатын. 
Мұнай өндіргенде мұнаймен бірге ілесе шығып жатқан тегін газды қымбатататуға қандай қажеттілік туып отыр?! Сол газ өндіріс орындарында күні-түні экологияны бүлдіріп далада жанып тұрған жоқ па? Қазір қай газ құю бекеттеріне барсаң да ұзын сонар кезекке тұрасың, арасында тіпті жоқ болып та кетеді.

Енді жаңа жылдан бастап көлікке құятын газдың бағасы тағы да қымбаттайтын болыпты. Бүгінге дейін газ сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлер өзінің жеке көлігімен барып Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауытынан» 1 тонна сұйытылған газды ҚҚС қосып есептегенде 38437,28 теңгеге тікелей, делдалсыз сатып алатын еді. Ал, 2018 жылдың қаңтардың 1-інен бастап «Қазақ газ өңдеу зауыты» мен газ сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің арасына, Алматы қаласында тіркелген «SK LTD KZ» ЖШС делдал мекеме кіреді. Енді жеке кәсіпкерлер газды зауыттан тікелей ала алмайды. Олар «SK LTD KZ» ЖШС-нен 1 тонна сұйытылған газды 38437 теңгеден емес, 50 000 теңгеден алатын болыпты. «SK LTD KZ» ЖШС» компаниясы газ өндірмейді, өңдемейді тек, «Қазақ газ өңдеу зауыты» мен жеке кәсіпкерлердің арасына делдал болады. Сол қызметі үшін 1 тонна газдан 11,563 теңге ақша пайда табады.
Мысалы, Маңғыстау облысы бір айда 14 мың (нақты сан емес, сәл аз, не көп болуы да мүмкін?)тонна газ тұтынатын болса, 14000 х 11563= 161 882 000 теңге пайда көреді. Сонда «SKLTD KZ» ЖШС-гі ауадан бір айда 161 миллион теңге ақша жасап алады. 

Бұдан газ көлемі көбеймейді, арзандамайды. Бұл жерде зауыттың да, жеке кәсіпкердің де ештеңесі кетпейді, тек қиналатын да, ұтылатын да, қалтасы қағылатын да қарапайым халық болады. Әрине қара халық бәріне шыдайды, көнеді бірақ шыдамның да, төзімнің де шегі болатынын ұмытуға болмайды!.. Маңғыстаудағы газ мәселесін үкімет тарапынан қатаң бақылауға алып, қарапайым халықтың құқын қорғап, заңсыздықтарды тоқтату қажет!

Еліміздегі жанармай мен газ тапшылығын толық жоюдың жалғыз жолы бар – ол үшін Маңғыстауға мұнай және газ өңдейтін жаңа зауыттар салу қажет. Өзімізде шикізат бар, тұтынушы бар, қаржы бар, неге көрші елдерге тәуелді боламыз? Қашанғы ескі-құсқы үш зауытымызды жамай береміз? Неге, сол ақшаға ең болмағанда шағын зауыт салып алмаймыз? Ескі зауыттардың тағы да тоқтап қалмасына кім кепіл? Сонда тағы да, көршімізге алақан жайамыз ба?
Бұл менің ғана жеке пікірім емес, халықты көптен толғандырып жүрген өзекті мәселе. 

Дереккөз: Жәнібек Қожықтың Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: WordPress.com

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."