Қаз   Рус

Парақорды өнерден іздемеу керек

10353 қаралды
0
Асқар НАЙМАНТАЕВ
Суббота, 06 Янв 2018, 11:00

Тұңғышбай Жаманқұловтың көзіне түсу үшін Ерланның басына түскен жайды жалаулатып жатқандар да бар

Өкпесіз қазақ емеспіз, бәріміз де назымызды, кінәмызды таға салуға дайынбыз. Ерлан БІЛӘЛ артымнан ерген інім еді. Өнерге Нарынқолдан өзім жетелеп келіп, бір ай жанымда алып жүріп, даярлап, өзім оқып оқуға түскен монологты жаттатып, институтқа түсуіне септігім тиіп еді.

Оқи отырыңыз
Бұл спектакль емес!

Ауылда менің анамның қолында болды, Әке-шешесімен анам өте жақсы араласты. Пендешілік өкпе айтсам, менікі де бір есекке жүк болады. Тіпті ұстазымыз ТҰҢҒЫШБАЙ ағамыз жайлы да пікіріміз екі бөлек. Бірақ, қызметті берген мен емес, ондай ауыр жүкті арқалап, әкем театрдың басынан сөз асырмайтын талай дүлділінің көңілін тауып, отыз жыл бұрынғы атағының буымен ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермей жүретін паңдарының тігісін жатқызып, ғимараттың ыстық-суығын, отын-суын түгендеп жүретін азапты оның өзі де қаламаған шығар.

Отырып алып, шоқ үрлеп, "Тұңғышбайға өстіп еді, өзіне де сол керек!" - дегендер де жүр. Оны Тұңғышбай аға көрсін, естісін дегендей әдейі сілтеме жасай айтып жатқаны да бар. Мен де сол Тұңғышбайдың шәкіртімін. Ұстазымыз бізді біреудің басындағы боқты көрсең байбалам сал деп оқытқан жоқ. Оның бойындағы тектілік, өші кетсе де өрекпи жөнелетін пендешіліктен алыс, ондай лас пиғылдан жоғары. Ұстазымыздың алысар дұшпаны Сіз бен біздің деңгейде де емес!
Төрт құбылаң тең тұрғандай, өнер адамының біріне сөз ерсе, өршелене кеткенді қою керек қой енді. Парақорды өнерден іздегенше, өрге қарасаңдаршы. Жеріңді сатып, бензиніңді қымбаттатқан, мұнайыңды сыртқа сатып, тіліңе қастық жасаған өнерпаз емес. "Жыртық - тесікке күліптінің" кері бұл.

Дереккөз: Асқар Наймантаевтың Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың  рұқсатымен жарияланды

Фото: juldyz.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!