Қаз   Рус

Президент халыққа көп қарыз екенін мойындады

912 қаралды
0
Меруерт ХУСАИНОВА
Понедельник, 22 Янв 2018, 09:00

Мирзиеевтің бұл әрекеті көршілес президенттерге ой сала ма?

Ақтөбедегі автобустың өртенуінен 52 өзбек азаматының қайтыс болуына байланысты, Өзбекстан президенті Шавкат МИРЗИЕЕВ мәлімдеме жасады деп хабарлайды РИА Новости басылымы. Өткен жұмада Сұрхандария облысындағы жұмыс сапарында Мирзиеев Хакім Термезидің кесенесіне барып, қаза болған 52 азаматтың әруағына арнайы Құран бағыштады.

«Бұл қайғылы оқиға біраз жұмыстарды реттеу керегін көрсетті. Адамдар өз елімізден жұмыс таппаған соң, басқа елден жұмыс іздеуге мәжбүр болды», - дей келе, Мирзиеев бұл қайғылы жағдай президенттің және жұмыссыздық мәселесін шешуге тиіс сала қызметкерлерінің жұмыспен қамту проблемасын шешпегенін дәлелдейтінін ашық айтты. Сонымен қатар, ол «Халықтың алдында қарызымыз өте көп» деп қадап айтып,айналасындағы шенді-шекпенділерге халықпен жұмысты бірлесе атқаруды тағы ескертті. Осылайша Өзбекстан президенті биліктің ұшар басынан кеткен үлкен қателікті мойындады. «Өз кінәсін мойындау – үлкен ерлік» екенін ескерсек, бұл ретте Мирзиеевке адами тұрғыдан алғыс білдіру артық болмас.

Оқи отырыңыз
Латынды алдымен балаларға сынап көрмек

Ал енді осы мәселеге қазақстандық көзқараспен қарап көрейікші. Бізде 52 емес, жүздеген, тіпті мыңдаған адамның жұмыссыздықтан, шарасыздықтан өмірлері қиылды. Жұмыссыздықтың салдарынан ұрлық, қылмыс күн санап көбеюде. Кез келген ақпарат құралын ашып қарасаңыз, бұл сөзімізге жауап табасыз. Қазақстандағы жұмыссыздық проблемасы да күні бүгінге дейін шешімін таппаған өзекті тақырып. Бұған қоса, бізде әр аймақта жиі еңбек дауының орын алатыны тағы бар. Өкінішке қарай, қоғамдағы қордаланған бұл проблемаларды шешуге, не болмаса қателікті мойынға алу сынды қадамға қазақ билігі барған емес.

Алысқа бармай-ақ, 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғаны еске түсірейікші. Жалақысын көтеруді талап еткен қаншама азаматымыз оққа ұшты. Сол тұста билік тарапынан ең болмаса біреуі халықтың алдына шығып, «еңбек дауының туындауы біздің сол проблемаларды дұрыс шеше алмауымыздан болды» деді ме? Ішкі істер министрлігінен, я болмаса Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен төбесін көрсеткен жан болды ма? Керісінше, бар кінәні ереуілге шыққан мұнайшыларға аударып, оларды жауапқа тартып, түрмеге жапты.

Жаңаөзен оқиғасынан кейін де қазақстандық биліктің саяси қадамы бүгінге дейін өзгерген жоқ. Бұған таяуда ғана ереуілге шыққан шахтерлардың әрекеті дәлел бола алады.

Халықтың әлеуметтік мәселесі түбегейлі шешілмеді. Керісінше, биліктегілер түрлі айыппұл, төлемдер арқылы халықтың жұқарған қалтасына түсуді тоқтатар емес. Жұмыссыздықпен күресудің орнына, «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деген статусты енгізген Еңбек және халықты қорғау министрлігі осы статус арқылы жұмыссыздар санын азайтуды көздегендей. Ресми биліктің «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» деп жұмсартылып айтылатын статусындағы азаматтардың шынайы жағдайы қандай? Күнделікті ас-суына нәпақасын базар жағалап табушылар, арба итеріп, қора тазалаушылар. Былайша айтқанда, итаршылықпен күнелтушілер, жұмыссыздықтан осындай қадамға барушылар. Кімнің жылы кабинетте жұмыс істегісі келмейді? Кез келген адам қақаған қыста арба сүйреп, 1000 теңге тапқанша, жылы кеңседе отырып, тұрақты жалақы алғысы келеді. Алайда Қазақстанда мұндай мүмкіндік бар ма? Жоғары білімі туралы дипломы бар талай азамат жұмыс таппай сандалып жүр. Ал тұрақты жұмысы жоқ адамның қандай қадамдарға баратыны бесенеден белгілі. Соған қарамастан, Қазақстан билігінің өкілдері бұл проблеманы шеше алмадық деп ешқашан өздерін кінәлі санаған емес. Керісінше, «өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға», яғни күнкөрістің ең ауыр жүгін арқалағандарға қатысты заң шығарып, мемлекетке салық төлетудің жолдарын қарастыруда.

Фото: pastinfo.am.ru. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."