Қаз   Рус

Виртуалды «жұлдыздар» көбейіп кетті

284 қаралды
0
Шархан ҚАЗЫҒҰЛ
Воскресенье, 07 Янв 2018, 11:00

Әбдіжәміл Нұрпейісовті білмейтін есесіне Динара Сәтжанды аузынан тастамайтын ұрпақ өсіп-жетілді

Танымалдылығы Инстаграммен өлшенетін жұлдыздар көбейіп кетті. Реалды танымалдылыққа жету қолынан келмейтін адамдардың тірлігі осындай ұсақ-түйектің айналасында өрбитіні бесенеден белгілі.

Оқи отырыңыз
Қазақтар Дубайда да қазақ болып қалады!

Аудиторияның ауанын дөп баса білетін мұндай жұлдыздар өз дегеніне оңай жетеді. Таза тұтынушылар ұрпағы қалыптасып үлгерген мына заманда олар әлі талай жерге шабатыны белгілі болып отыр. Дей тұрғанмен, ең басты трагедия сол жұлдыздардың виртуалды танымалдылыққа малданып жүргенінде жатыр. Ондай жұлдыздарды қазір біздің топастана бастаған «тв» жарнамалаудан жалықпайтын болды. Сондықтан да бұл үрдіске үрейлене қарамау мүмкін емес.

Себебі, құндылықтардың орнын алмастыру дәуірі тікелей осы құбыжық құбылыстың астарында тығылып тұр. Жастар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің кім екенін білмейтін халге жетті. Есесіне Динара Сәтжанды аузынан тастамайтын ұрпақ өсіп-жетілді. 
Виртуалды танымалдылыққа қол жеткізу аса қиын шаруа емес. Техника керек. Басқа не керек?! Ештеңе!

Ал, реалды танымалдылыққа жету кез келгеннің қолынан келмейді. Ең құрығанда Дулат Исабековтің талантынсыз танымал болуың мүмкін емес. Дәл осы жерде Үлкен өнер мен Бұқаралық өнер көз алдыма қатар келеді. Айырмашылығы Жер мен Көктей осы екі өнердің бүгінгі таңда соңғысының асығы алшысынан тұрып тұрғаны көңілге кірбің түсірмей қоймайды.

Бұқаралық өнердің бағы жанып тұрғаны да біздің қоғамның марғаулығынан екенін мойындамай тағы тұра алмайсың. Үлкен өнердің тасада қалғанына қарның ашады. Неге? Негесі сол, Бұқаралық өнердің пешенесіне Мәңгілік болу тәлейі ешқашан бұйырмаған. Ондай өнер белгілі бір уақыттың еншісінде жұтылып қалатын қасаң өнер екенін өмір талай дәлелдеп берген. 
Халықтың ұлылығы бұқаралық өнермен емес, Үлкен өнермен өлшенеді. Есі бар Халық қашанда Үлкен өнерін жоқтауы тиіс. Болашағын ойлайтын Халық Үлкен өнерінің айналасын түгендеуді әдетке айналдыруы шарт. Сонда ғана Ұлттығымызды ұлылай аламыз. Бұқаралық өнер ешқашан дүниені өзгерте алған жоқ. Ол – адамдардың бір сәттік әлсіздігінен әрі асып көрмеген күйбең тіршілік. Ұлы өнер ғана Адамзатты жасампаздыққа жетелей алады.

Дереккөз: Шархан Қазығұлдың Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың  рұқсатымен жарияланды

Фото: pandaland.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."