Қаз   Рус

Жаңаөзен естеліктері

337 қаралды
0
Жұлдыз ТУЛЕУОВА
Понедельник, 18 Дек 2017, 09:00

Журналист Жұлдыз Тулеуова 6 жыл бұрын Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі күндерін еске алады

2011 жыл, 16-желтоқсаннан кейінгі Жаңаөзен... Қалада коменданттық сағат орнаған. Журналистің полиция көзіне көрінуіне болмайды, рұқсат қағазы болмаса. Бірақ соған қарамастан, журналистік міндетімді орындап, Жаңаөзенде жүрмін. Қаза тапқандардың отбасын іздеп тауып, ауруханаға - жараланғандарға барып, одан қалса мәйітханаға барып, күні-түні ұйқысыз ақпарат жинаумен жүрдім.

Оқи отырыңыз
Тәуелсіздік және Желтоқсан

Алған материалдарды көлік ішінде текстін жазып, монтаждап, ізін суытпай, эфирге жіберіп жатырмын. Бір-екі күн өткеннен кейін Ақтау прокуратурасынан қоңырау соқты. «Прокуратураға келіңіз, Жаңаөзенде арнайы прокурор Серік Қараманов мырза күтіп отыр», -деді. Жанымда Виктор Гудзь деген оператор бар. Сосын сасқанымнан Азаттықтан осында, үлкен жасына қарамай, репортаж жасап жүрген Kazis Toguzbayev ағаға звондап, «Аға, менімен бірге барасыз ба, егер бірнәрсе болып жатса, жағдайымды жеткізерсіз», - дедім. Қазиз аға алып-ұшып, жетіп келді. Содан бір топ жасақ, бізді Астанадан келген бас прокуратураның арнайы прокуроры Серік Қарамановқа алып барды. Оператор Виктор Гудзь бен Қазиз аға кіреберісте қалды.

Оқи отырыңыз
Анар Серкенова: Толқулардан кейін төрт адам сотталдық

Көзіне көзілдірік киген Серік мырза кабинетінде К плюсті қарап отыр екен. Эфирде арнайы шығарылым. Жаңаөзенге қатысты оқиғалар беріліп жатыр. «Мына ақпараттың бәрін сен беріп жатырсың ба?», - деді. Мен үндемедім. Сосын эфирден көрсетілген барлық видеоларды сұрады. Тұрғындардың телефондарына түсірген видеоларды кім ютубқа салып жатыр деді. Қысқасы, мына жерден аман-есен шыққың келсе, видеоларды бер деді.

«Мен ешқандай таспа, флешка ұстамаймын, мен тек жазамын»,-деймін. Бірақ шын мәнінде прокурор мырза сұраған видеолардың бәрі менің рюгзагымда жатқан еді. Оның үстіне тұрғындар телефон арқылы оқиғаны түсірген видеоның бәрін bluetooth арқылы көшіріп берген. Ойымның бәрі рюгзактағы дискілер. Әрі қарай Серік мырзаның не сұрап жатқанында шаруам болмады. Бар ойым, дискіні сақтап қалу. Ақыры ашуға мінген прокурор мырза алдыма коменданттық сағатқа байланысты президент жарлығын қойып, «заңды бұзып отырғаныңды білесің бе?»,- деп, кемі 15 тәулікке қамалатынымды айтты. Мен одан да қорқып тұрғам жоқ. Тек, дискіні операторға қалай берем деп ойлап отырмын. 

Серік мырза менен түк шығара алмайтынын білді ғой деймін, қасында тұрған жігіттерге «алып кетіңдер» деп дауыс шығарды. Есік алдында бір жас жігіт тұрған.

«Қыз бала ғой, біржола кешірейік»,- деп күмілжіп сөйледі. Оны арнайы прокурор мырзаның жанында тұрған жігіттер де қоштай жөнелді. Серік Қараманов мырза олардан аса алмады. Мені босатты. Мен рюгзагымды құшақтап шықтым.

P.S. Жыл сайын 16 желтоқсанда арнайы прокурордың алдынан аман-есен шыққан видеоларды әлеуметтік желілерден көремін. Әрбірі эфирдің логотипін өшіріп, өз аттарынан беріп жатады. Мейлі бере берсін. Ең бастысы мен түсірген оқиғалардың бәрі көременге жетті. Журналисте одан басқа қандай бақыт бар?!

Дереккөз: Жұлдыз Тулеуованың  Facebook парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."