Қаз   Рус

Кадрлар бәрін шешеді

96 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 08 Янв 2018, 09:00

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Өтіп бара жатқан апта ішінде орталық та, жергілікті де атқарушы органдарда айта қоярлықтай ірі кадрлық ауыс-түйіс орын алған жоқ.

Оқи отырыңыз
Рухани жаңғырудан жарыс

Дегемен, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілінің орынбасары және тағы да бірен-саран өзгерістер болды. ҚазАқпарат апта ішіндегі осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.

Сонымен осы аптада Асқар Әбдрахмановты  ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілінің орынбасары қызметіне тағайындады. Бұған дейін Асқар Әбдрахманов ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 

Ал ҚР  Дін істері азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры болып Асхат Оралов тағайындалды. Ол жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Астана қалалық жастар саясаты мәслелері басқармасының жетекшісі болған еді.

Сонымен қатар Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметіне Ерлан Жанбаев келді. 42 жастағы Ерлан Жанбаев Торғай облысының тумасы.  Ақмола қаржы-экономика техникумын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды экономика институтын бітірген. Торғай мен Қостанай облыстарында салық инспекторы болып жұмыс істеген. Қаржы министрлігінің жетекші маманы, ҚР Премьер-Министрі кеңсесі экономика бөлімінің консультанты болған. Жамбыл облыстық салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Павлодар облыстық салық департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 жылдан қазіргі тағайындауға дейін еліміздің Қаржы министріне кеңесшілік еткен. «Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Оқи отырыңыз
Иманғали гитарамен ән айтатын

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облысы филиалының бастығы болып Жаңабай Қобыландин тағайындалды. Оның автожол саласында үлкен тәжіриебесі бар. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Ақтөбе департаментінің директоры қызметін атқарған. 2013 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін бизнес құрылымдарда жұмыс істеген.

«Ақтөбе» ФК бас директоры қызметіне  Самат Смақов келді. Оны бұл қызметке тағайындау кезінде жергілікті тұрғындардың ой-пікірі ескерілген. Жаңа қызметке тағайындалған Самат Смақов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа өз жоспарын көрсеткен. Негізгі міндет - «Ақтөбе» ФК көшбасшылыққа қайта әкелу.

Самат Смақовпен бірге командаға Ұлықбек Асанбаев спорт директоры болып тағайындалды.  Асанбаев спорттық мансап жолын осыдан 5 жыл бұрын аяқтаған. Содан бері «Шахтердің» спорт директоры болып, «Ордабасы» командасының жаттықтырушылар штабында қызмет еткен. «Ақжайық» командасына кеңесші болған.

Фото: inform.kz
 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."