Қаз   Рус

Сағынтаев: Шетелдік инвесторларға қызмет ағылшын тілінде көрсетіледі

53 қаралды
0
Ратель
Вторник, 05 Дек 2017, 11:30

Егер инвесторлар қазақ немесе орыс тілінде жүгінетін болса, онда сол тілдерде де жауап беріледі, дейді үкімет басшысы

Қазақстанда шетелдік инвесторларға мемлекеттік қызметтер ағылшын тілінде көрсетіледі. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында ҚР премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ айтты.

«Қазақстан Үкіметі инвесторлармен жұмыстың халықаралық позициясы мен стандарттарын әр уақытта да ұстанып келді және ұстана да береді. Біздің жұмысымыздың басты бағдары - заңның тұрақтылығы мен үстемділігін қамтамасыз ету. Қазақстан ашық ел болды және солай қала да береді. Біз ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі комитетіне кірдік. Осыған байланысты мен Үкіметтің бизнес үшін жай ғана жақсы емес, барынша үздік жағдай жасауға бел байлағандығын атап өткім келеді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Осы ретте ол ең біріншіден, инвесторлар үшін консультациялық қызмет нығайтылатындығын атап өтті.

Оқи отырыңыз
Министрдің өзін аш ұстау керек!

«Сіздердің мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға әрбір сауал салуларыңызға 10 жұмыс күннің ішінде ағылшын тілінде жауап берілетін болады. Бірақ, егер сіз қазақ немесе орыс тілінде жүгінетін болсаңыз онда біз сол тілдерде де жауап береміз. Алайда, біз ағылшын тілінде 10 күннің ішінде жауап беруге ниеттіміз. Екіншіден, біз кезең-кезеңімен 2020 жылдан бастап шетелдік инвесторларға мемлекеттік қызметтерді тек қана ағылшын тілінде ұсынуға көшетін боламыз. ХҚКО-ларда, мемлекеттік клиникаларда, мектептерде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, көші-қон, салық қызметтерінде ағылшын тілін білетін арнайы мамандар іріктеп алынады», - деді үкімет басшысы.

Премьер-Министр үшіншіден, инвесторлар үшін барлық негізгі нормативтік-құқықтық актілер ҚР СІМ, ИДМ және «Kazakh Invest» ұлттық агенттігінің сайтында ағылшын тілінде жарияланатындығын айтты.

«Төртіншіден, біз электронды виза, шекарадан өту, көші-қон есебіне алу және қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда шетелдік инвесторлардың елге келу шарттарын одан ары жақсартамыз. Барлық осы төрт бағыт бойынша әрбір өкілетті орган қажетті жұмыстарды түзеді»,  - деді Сағынтаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Фото: Inform.kz 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!