Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда саяси қудалау белгілері жоқ

1259 просмотров
0
Ратель
Среда, 03 Янв 2024, 12:45

Президенттің айтуынша, мемлекеттің басты міндетінің бірі – заңның мүлтіксіз орындалуын, тәртіптің қатаң сақталуын толық қамтамасыз ету

Читайте также
Әлихан Смайылов Qarmet бойынша қажетті шешімдерді бір аптада қабылдауды тапсырды

Қазақстан заңнамасында азаматтарды саяси көзқарасы үшін қудалауға негіз болатын бірде-бір заң жоқ. Бұл туралы Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ айтты, деп хабарлайды Kazinform.

"Саяси қудалау бар деп айту үшін цензура, арнаулы заңдар мен жазалаушы органдар болуы керек. Қазіргі Қазақстанда мұның ешқайсысы жоқ. Біздің заңнамамызда азаматтарды саяси көзқарасы үшін қудалауға негіз болатын бірде-бір жарлық, бірде-бір заң, бірде-бір нормативтік құжат жоқ. Керісінше, реформалардың нәтижесінде адам құқықтарын қорғау жүйесі нығая түсті. Заңдарға қазылардың тәуелсіздігін күшейтетін түзетулер енгізілді. Алқа билердің қарауына жататын істердің аясы кеңейді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты толық жұмыс істеп тұр. Оған конституциялық мәртебе берілді. Мен былтыр желтоқсан айында адам құқықтарына қатысты екінші Жарлыққа қол қойдым. Мұның бәрі осы салада дәйекті әрі түбегейлі өзгеріс жасалып жатқанын көрсетеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, мемлекеттің басты міндетінің бірі – заңның мүлтіксіз орындалуын, тәртіптің қатаң сақталуын толық қамтамасыз ету. Сондықтан заң бұзған кез келген адам жауапқа тартылады. Ал заң мен тәртіпті сақтау мәселесіне азаматтардың идеологиялық ұстанымы мен саяси көзқарасының еш қатысы жоқ.

Читайте также
ҚР ІІМ: 6 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың көзі жойылды

"Заң бәріне ортақ. Кейбіреулер прокуратура органдарының ескертуіне қарамастан, адам түсініп болмайтын кесірлік көрсетіп, заң бұзады. Ондай адамдар өзін заңнан жоғары қойып, "Атың шықпаса, жер өрте" деген ұстаныммен елге танымал болғысы келетін сияқты. Көптеген тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істеп тұрған, саяси цензура атымен жоқ елде саяси қудалау бар деу қаншалықты орынды? Ол аз десеңіз, жаңа заң қабылданып, бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алудың орнына хабарлау тәртібі енгізілген соң, Қазақстандағы бейбіт жиындардың саны еселеп артты. Мен түйткілдердің түйінін айқай-шумен алаңда емес, диалог үшін арнайы құрылған орындарда, ең алдымен, парламентте өркениетті жолмен, салиқалы түрде тарқату керек деп үнемі айтамын. Қазір парламентте түрлі көзқарастағы қоғам өкілдерінің мүддесін білдіретін сан алуан саяси күштер бар. Парламенттік оппозиция институты заң жүзінде бекітілді", - деді мемлекет басшысы.

Бұл тұрғыда президент соңғы сайлауда мәжіліске алты партия өткеніни ескем салды. Оның үшеуі алғаш рет депутаттық мандатқа ие болды.

"Тіпті қазір парламентте отырған партияның бірі – әуел бастан оппозициялық ұстанымдағы ұйым. Көптеген шетелдік сарапшылар мен әріптестер, соның ішінде Батыс елдерінің мамандары, Қазақстандағы демократиялық реформалардың озық үлгіде екенін айтып, оған қолдау білдіріп отыр. Шынымен де, біз геосаяси төңірегімізде ауқымды демократиялық өзгеріс жасап, адам құқықтарын қорғау ісінде зор табысқа жеткен бірден-бір елміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: tengrinews.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
1000 домов подключены к системе питьевого водоснабжения в Илийском районе