Алматыны таңдау біріктіреді: қала тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырды

1320 просмотров
0
Ратель
Пятница, 21 Авг 2026, 12:10

Алматыда қоғамның түрлі саласының өкілдері қала тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды. Үндеуге зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, спортшылар, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, өндіріс пен қызмет көрсету саласының мамандары, жастар мен блогерлер қосылды.

Олардың пікірінше, сайлауға қатысу әр азаматтың елдің қоғамдық-саяси өміріне деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам.

Алматының ардагерлер қауымы да бастаманы қолдады. Қалалық Ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысында алдағы сайлауға қатысу мәселесі талқыланып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы штаб құрылды.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері де үндеу жолдап, сайлауға қатысуды ел бірлігі мен ортақ болашақ алдындағы жауапкершіліктің көрінісі деп бағалады. Олар Қазақстандағы этносаралық келісім мен өзара құрмет құндылықтарына тоқталып, әр азаматтың жауапты ұстанымы қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Ғылыми-сарапшылық қауымдастық та ортақ үндеуге қосылды. Ғалымдар азаматтарды сайлау үдерісіне жауапкершілікпен қатысуға шақырды. Сонымен қатар Философия, саясаттану және дінтану институтының сараптамалық алаңында Құрылтай сайлауының қоғамдық-саяси маңызы, саяси жүйені жетілдірудегі және қоғамдық диалогты дамытудағы рөлі талқыланды. 

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі арнайы отырыс өткізіп, азаматтық белсенділіктің маңызына назар аударды. Кеңес мүшелері дауыс беру ел болашағына бей-жай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі екенін атап өтті. 

Үндеуге спорт қауымдастығының өкілдері де қосылды. Белгілі спортшылар алматылықтарды 23 тамызда сайлау учаскелеріне барып, таңдау жасауға шақырды. Сондай-ақ, альпинистер де бұл бастаманы қолдап, азаматтық белсенділіктің қоғам өміріндегі рөліне тоқталды.

Кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастығының өкілдері де белсенді азаматтық ұстаным танытып отыр. Құрылыс, қонақ үй, көлік, консалтинг және басқа да салалардың кәсіпкерлері дауыс беруге қатысудың маңызын атап өтті. Олардың қатарында «Яндекс Такси» компаниясының өкілі мен өзге де бизнес көшбасшылары бар.

Ортақ бастамаға қаланың ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек ұжымдары да атсалысты. «Қазлегпром-Алматы», «Асфальтобетон 1», «Алматы нан» және Angelcher компанияларының қызметкерлері адал еңбек пен азаматтық жауапкершіліктің өзара сабақтас ұғым екенін айтты. Өндіріс мамандары елдің тұрақты дамуы, отбасы әл-ауқаты мен балалардың болашағы өздері үшін маңызды екенін жеткізді. 

Құрылыс саласының мамандары да осы ойды қолдады. BI Group қызметкерлері күн сайын қаланың дамуына, жаңа тұрғын үйлер мен заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға үлес қосып жүргенін атап, сайлауға қатысуды ел мен келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің бір бөлігі ретінде бағалады.

Бастамаға қызмет көрсету және сауда саласының өкілдері, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілері де қосылды. Қоғамдық тамақтану, сервис және шағын бизнес саласында еңбек ететін мамандар азаматтық белсенділік адамның кәсібі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, баршаға ортақ екенін атап өтті.

Ал күн сайын мегаполис көшелерінде еңбек ететін курьерлер мен мопед жүргізушілері де үндеу жолдады. 200-ден астам мопед жүргізушісі арнайы бейнероликтерге қатысып, құрдастарын азаматтық ұстаным танытуға шақырды. Олардың айтуынша, жолдағы жауапкершілік сияқты ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы саналы таңдау да соншалықты маңызды. 

Жастар мен блогерлер азаматтарды сайлауға қатысуға шығармашылық форматта үндеп келеді. Жас шоумендер танымал әннің әуеніне бейнеролик түсіріп, музыка мен әзілді азаматтық таңдау тақырыбымен ұштастырды.  

Әртүрлі буын мен мамандық иелерін біріктірген ортақ ой – қоғам өміріне араласу әр азаматтың жеке таңдауынан басталады. 

Өнер мен спорт өкілдерінен бастап ғалымдар мен кәсіпкерлерге, ардагерлер мен жас мамандардан құрылысшылар, курьерлер, қоғам белсенділері мен блогерлер алматылықтарды 23 тамызда сайлау учаскелеріне барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырады. 

23 тамыз – сайлау күні. Әр дауыс маңызды. Алматы – саналы таңдау жолында.

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Азербайджан отверг сообщения о причастности к шпионскому делу бывшего главы разведки Германии
В Баку назвали публикации зарубежных СМИ дезинформацией и попыткой навредить отношениям с Берлином
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай