
Құтқарушылар 93 адамды эвуакациялады
2023 жылғы 24 ақпанда сағат 22-50-де "Самара-Шымкент" тас жолының 964 шақырымында жол қозғалысының шектелуіне байланысты құтқарушылар Қарабұтақ ауылына дейін "Yutong" маркалы жолаушылар автобусын (Бішкек-Мәскеу) сүйемелдеп, жылыту пунктіне орталық мешітке 41 Өзбекстан және Тәжікстан Республикалары азаматтарын эвакуациялады.
Медициналық көмекті қажет етпеді.
2023 жылғы 25 ақпан сағат 04:05-те Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Едіге батыр даңғылы, "Лидер".
ЖЖМҚ станцияның ауданында құтқарушыларымен техникалық ақаулы "Setra" (Шымкент-Мәскеу) маркалы жолаушылар автобусынан Жаңақоныс ауылының (мешіт) жылыту пунктіне 54 адам эвакуацияланды, Өзбекстан республикасының азаматтары бар.
Медициналық көмекті қажет етпеді.
Ақтөбе облысының ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде дауылды ескертулермен танысуға және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.
Фото: Ақтөбе облысының ТЖД.