Ресей пропагандасына сенетін қазақстандықтар көп

862 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 24 Фев 2025, 13:00

Украинадағы соғыс Қазақстан қоғамын жікке бөлді

2025 жылғы 27 қаңтар мен 5 ақпан аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониториң бюросы халық арасында “Қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа көзқарасы” деген тақырыпта сауалнама жүргізді.

Қазақстандықтардың үштен бірі соғысты ақтайды

Зерттеу нәтижелері Ресей пропагандасының қазақстандықтардың қоғамдық пікіріне әлі де әсер ететінін көрсетеді – ел азаматтарының 27,8%-і Украинадағы соғысты Ресей пропогандасының негізгі тезистері арқылы қабылдайды:

  • 10,7%-і Ресей Украинадағы нацистерге қарсы “арнайы әскери операция” жүргізіп жатыр деп сенеді.
  • 17,1%-і бұл соғысты Ресейдің Батыс елдері мен НАТО-ға қарсы күресі деп ойлайды.

2022 жылы Кремльдің ұстанымын 33,2%, ал 2023 жылы 31,8% қолдаған. Бұл көрсеткіштің тұрақтылығы Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің осал екенін көрсетеді. Қазақстанда ресейлік, соның ішінде пропагандалық контент үздіксіз таралып, белгілі бір аудиторияға тұрақты ықпал етіп отыр.

Соғысқа қарсы көзқарас та үш жыл ішінде айтарлықтай өзгерген жоқ. 2025 жылы сауалнамаға қатысқандардың 24%-і Ресейдің мақсаты Украинаны басып алып, өзіне қосу екенін айтты (2022 жылы – 22,1%, 2023 жылы – 28,4%). Сонымен қатар, респонденттердің жартысына жуығы (48,2%) нақты жауап беруге қиналған.

Соғысқа қатысты көзқарасты білдіретін тағы бір маңызды индикатор – екі тарапты қолдау деңгейі. Өткен үш зерттеудің нәтижелері аудиторияның осы мәселе бойынша тұрақты бейтарап ұстанымын көрсетеді. 2025 жылғы сауалнама қорытындысы бойынша бұл позиция 55,5%, 2022 жылы – 59,1%, 2023 жылы – 59,8%.

Соғысқа көзқарас айырмашылығы  – азаматтардың жастарына байланысты әртүрлі. Ресейді ең көп қолдайтын топ – 60 жастан асқандар (37,7%), бұл 50-59 жас аралығындағы (17,3%) респонденттерге қарағанда екі есе, ал 30-39 жастағыларға (7,1%) қарағанда бес есе көп.

Ал Украинаны қолдау деңгейіне қатысты жас топтары арасында – 15,4%-тен 28,9%-ке дейін бірқалыпты өзгеріп отырады.

Соғысқа деген қызығушылықтың азаю тенденциясы

Қоғамның соғысқа деген қызығушылығы азайып бара жатқанымен, бұл тақырыптың өзекті екені анық байқалады. 2025 жылы респонденттердің 42%-і майдандағы жағдайды бақылауын жалғастырады. Олардың 11,8%-і күн сайын жаңалықтарды қадағаласа, 30,2%-і ара-тұра қарап отырады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 53%, ал 2022 жылы 62,6% болған. Қызығушылықтың азаюы аудиторияның соғыс тақырыбынан шаршап, ішкі экономикалық және саяси мәселеге назардың ауысуымен байланысты болуы мүмкін.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, соғыс туралы ақпарат алудың негізгі көзі – әлеуметтік желі (55,8%). Сондай-ақ, респонденттер қазақстандық БАҚ-тан (19,9%), таныстары мен туыстарынан (13,6%), ресейлік БАҚ-тан (9,3%) мәлімет алады. Украина (2,9%) және басқа елдердің (2,4%) БАҚ-тары аса танымал емес.

Соғыстың нәтижесіне қатысты көпшілік бейбіт келіссөздерді күтеді. Респондеттердің 57,4%-інің пікірінше, екі тарап басқа елдердің араласуымен ымыраға келеді. 11,8%-і Ресей жеңеді, ал 4,7%-і Украина жеңеді деп есептейді.

Агрессияға қатысты пікірдің екіге бөлінуі

DEMOSCOPE бюросы 2022 жылдан бері сауалнама жүргізіп, Қазақстан қоғамында Ресейге қатысты үрейдің бар екенін тіркеп келеді. 2025 жылы қазақстандықтардың 25,8%-і Ресейдің Қазақстанға шабуыл жасау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Олардың 8,8%-і мұндай сценарийді толық мүмкін деп санаса, 17%-і әскери агрессия болуы ықтимал, бірақ белгілі бір жағдайларда ғана деп есептейді. Респонденттердің 58%-і ешқандай агрессия болмайды, мүмкін емес деп санайды, ал 16,2%-і бұл сұраққа жауап беруге қиналған.

Респонденттерге соғыс басталғаннан кейін екі елге деген көзқарасы өзгерді ме деген сұрақ қойылды. Қазақстандықтардың 14,6%-інің Украинаға, ал 4,3%-інің Ресейге деген көзқарасы жақсарған. Сонымен бірге, 28,8%-і Ресейге, 14,6%-і Украинаға деген көзқарасының нашарлағанын мәлімдеген. Сауалнамаға қатысушылардың жартысынан астамының (54,1% – Ресейге, 57,7% – Украинаға қатысты) бұл елдерге деген көзқарасы өзгеріссіз қалған.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің үштен бірінен астамы (35,1%) соғыстың Қазақстан экономикасына теріс әсер еткенін айтады. Тек 5%-і оң өзгерістерді байқаған, ал 41,3%-і соғыс пен экономикалық жағдайдың нашарлауы арасында байланыс көрмейтінін жеткізген. 

Қорытынды

Қоғамдық пікір – мемлекеттік шешімдерге ықпал ететін маңызды индикатор әрі құрал. DEMOSCOPE зерттеулері қазақстандықтардың едәуір бөлігі Украинадағы соғыстың мәні мен себептерін бағалауда ресейлік пропаганданың ықпалына ұшырайтынын растайды. Сонымен қатар, Қазақстанның ресми БАҚ-тары соғыс туралы мүлде ақпарат таратпайды, осылайша ішкі ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру мүмкіндігін ресейлік медианың қолына беріп отыр.

Геосаяси тұрақсыздық артып келе жатқан жағдайда мұндай тәсіл қоғамның жіктелуіне және ксенофобияның күшеюіне әкелуі мүмкін. Бұл ақпараттық қауіпсіздік саясатын қайта қарауды, сондай-ақ медиасауатты жүйелі түрде енгізуді және жалған ақпаратпен күресуді талап етеді. 

Фото: DEMOSCOPE бюросы.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Доллар упал на 20%, депозиты дают до 20%: что сейчас делать с деньгами
Как изменился финансовый рынок Казахстана и почему высокие ставки заставляют пересмотреть привычную стратегию сбережений
Почему люди в Казахстане не верят в закон
Адвокат Асқат Сулубек о том, почему недоверие к закону часто связано с практикой его применения и зачем гражданам знать свои права
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Учёные нашли новых претендентов на звание самой громкой птицы в мире
Исследование 123 видов показало, что громкость птичьего голоса зависит от размеров тела и способности широко раскрывать клюв
Забастовки, наводнения, пожары, дипломатические кризисы и войны
Главное в мире
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Каждый пятый ребёнок в опрошенных семьях Ливана ложится спать голодным
UNICEF: война и многолетний экономический кризис лишают детей еды, лечения и образования
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай