Қаз   Рус

Қоғам ұстаздарды құлақкесті құл етті

2420 қаралды
0
Серік ӘБІКЕН
Суббота, 20 Янв 2018, 16:00

Тарихтан оқымай барсаң Төлепбала апайдың таяқшасы шып ете қалатын

«Боралдайдың бір мектебінде мұғалімді ата-ана сабап тастапты. Ұстаздың миы шайқалыпты. Ажыратқан әріптесі де оңбапты». Міне, осы аптаның сұмдығы. Масқара ғой. Оқытушыға тап берген әлгі әйел мен сіңілісі «Баламды ұрыпты» деп ақталар, қарсы шағым түсірер. Екі тарап ымыраға келер.

Оқи отырыңыз
«Бауыр, – деп барсаң бауырға...»

Мәселе басқада. Мұғалім сабау модаға айналып барады. Интернетте оқутышыны мазақтаған оқушылардың бейнежазбасы толып жүр. Бірі мазақтайды, тағы бірі телефонға түсіріп алып, желіге жариялайды. Ондайларды тәртіпке шақырса, қағып жіберсе ата-анасы келіп сабайды?! Баламның мектебінде де бір оқиға болған: ыржалақтап қоймаған балаға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жекіпті. Сөйтсе әлгі бала мұғалімін баспен бір қойып, қабағын жарыпты. Ақыры не болды дейсіз ғой – ұстаз жұмыстан кетті. Баланың шешесі сол мектепте оқу ісінің меңгерушісі еді...

Менің Бақытжан деген сыныптасым бар. Сабазың 4 әлде 5-сыныпта оңбай таяқ жеген. «Сабаққа кеттім», – деп үйден шығып, сөмкесін қораға жасырып, ауыл маңындағы көлге тартады екен. Үшінші күні сынып жетекшіміз бір баланы Бақытжанның үйіне, хәл-жағдайын біліп келуге жүгіртті. «Бақытжан ауырып қалды ма, сабақта жоқ?», – дегенді естіген Сарқыт анамыздың көзі атыздай болыпты.

Соңғы сабақ кезінде дәлізден бақырған дауыс шықты. Біреу мектепті басына көтеріп еңіреп келеді. Есік сарт етіп ашылып, ішке Бақытжан кіріп келді. Екі беті айғыз-айғыз. Сорасын сүртуге шамасы келер емес. Іле-шала Сарқыт апа да кірді. Қолында қалың кабелдің үзігі. Бәкеңді көл басынан ұстап, «сыбағасын» беріп, мектепке жеткенше сабапты. «Жаныңды шығарамын», – деп тап берген кезде сыныптасымыз класс жетекшінің үстелінің астына кіріп кете жаздады.

Ыс, ыс еткен кабельге қарап біздің көзіміз жыпылық-жыпылық етеді. Ұстазымыз «Болды, баланың зәресін ұшырмаңыз», – деп бір ауыз ескерту айтып еді Сарқыт апа: «Кешір, айналайын», – деп сыныптан шығып кетті. Мұғалім Бақытжанды жұбатып, орнына отырғызды.

Міне, осылай, ұстаз бен ата-ана бірін-бірі бір ауыз сөзден ұғушы еді. Тарихтан оқымай барсаң Төлепбала апайдың таяқшасы шып ете қалатын. Үйдегілерге шағымданшы, көресіңді еселеп берсін. Класс жиналысында «Кешкі 9-дан кейін балаларды көшеден көрмейік!», – деген ескерту берілсе тұтас ауылдың балалары үйге қамалатын.

Оқи отырыңыз
Сүйінші сұраңызшы!

Кезекшілікке шыққан ұстаздар әлдекімнің еркесін байқап қалса, ертеңіне ата- анасы мектепте, мұғалімдер бөлмесінде «Кешіріңіздер, байқамай қалдық», – деп қиылы кешірім сұрап тұратын. Мектеп – баланың екінші үйі, ұстаз – екінші анасы еді.

Ал қазір мұғалімдерді кешкі кезекшілікке жіберіп көріңізші, мектептің өзінде тайраңдап жүрген шәкірт тілін алар ма екен, ата-ана келер ме екен?

Біздің заманымызда әр ұстаз ТҰЛҒА еді. «Білім» саудаланатын заманда білікті адамның құны көк тиын болды. «Ұстаз» деген ұлы ұғымнан ажырап барамыз. Білімдарлықтың символы болған мамандықтың қадірін кетірдік. Жыл сайын енгізілетін реформа кесірінен не оқытып жатқанын өзі түсінуден қалған, миы ашып жүрген мұғалімді кім қадірлесін?!

Газет-журналдың жоспарын орындайтын солар, әкімдіктің барлық шарасына да адам жиып, барыпкел, шауыпкелдің қызметінде жүреді. Жиналыстардың бәрінде мұғалімдер қылқиып отырады, кәнсерттердің билетін солар алады.

Сайлау туралы тіпті айтпай-ақ қойдық... «Құлда құн болмайды» деуші еді, қоғам Ұстаздарды құлақкесті етті. Мектепте ши шықса бала жұлқынып, ата-ана жұлынып шығады, бала мен адам қорғаушы ұйымдар жүгіріп жетеді. Жабыла мұғалімді «сабайды». Сонда біз қай ұшпаққа беттеп барамыз...

Кездескен сайын түрлі оқиғаларды айтып күлеміз, сонда апайымыз: «Әй, сендер адам болсын деп ұрсушы едік қой», – дейді. Боралдайдағы ұстаз да «Шәкіртім жаман болсын», – демеген шығар...

Фото: kazpravda.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!