128 жолаушысы бар ұшақ Атырауға ұша алмады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Хабар кеше түнде ТЖ тетігіне келіп түсті. Атырау-Алматы бағытындағы Air Astana әуекомпаниясының Airbus А320 әуе кемесі ұша алмады. Алдын ала себебі – қозғалтқышының бұзылуы. 128 жолаушысы және 8 экипаж мүшесі бар ұшақ ұшу жолағында 15 минут тұрып, тұраққа қайта оралды», - деді бейсенбіде Атырау облысы ТЖД хабарынан.
Құтқарушылар атап өткендей, жолаушылардың бір бөлігін резервтегі Boeing 757 ұшағы алып кетті, ал қалған бөлігі кезекті жоспарлы рейспен 1 ақпан күні ертеңгісін ұшты.
