2018 жылы Қапшағайда аяқ киім зауыты салынады, деп хабарлайды тілші.
«Ағымдағы жылдың аяғына дейін Алматы облысының Қапшағай қаласында жаңа аяқ киім зауытын салу жоспарланып отыр. Жобаны «Гамма» ЖШС жүзеге асырады. Инвестиция көлемі шамамен Т750 млн.
Зауыттың конвейерлері жылына 10 мың жұп аяқ киім өндіруді жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, оның ашылуы 50-ден астам жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді», - деді сәрсенбі күні Қапшағай әкімі Талғат Қайнарбеков. Әкімдіктің мәліметі бойынша, 2017 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру және қолданыстағы кәсіпорындардың өнеркәсіптік секторды кеңейту есебінен 237 жаңа жұмыс орны ашылды. 2018 жылы Қапшағай қаласында 395 адам жұмысқа орналасады.
