Қазақстан Республикасының Үкіметі 2018 жылы демалыс күндерін кейінге қалдырды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Қазақстан үкіметінің қаулысымен Еңбек кодексіне сәйкес және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2018 жылдағы сенбіге түскен демалыс күндері ауыстырылды.
2018 жылы демалыс күндері:
- Сенбі 3 наурыздан жұма, 9 наурызға;
- Сенбі 28 сәуірден дүйсенбі, 30 сәуірге;
- Сенбі 5 мамырдан сейсенбі, 8 мамырға;
- Сенбі 25 тамыздан жұма, 31 тамызға;
- Сенбі 29 желтоқсаннан дүйсенбі 31 желтоқсанға ауыстырылды.
Анықтама: ҚР Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет мереке күндері кезеңінде демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
