2018 жылы Шымкентте 162 тұрғын үй құрылысы жоспарлануда, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Биыл Шымкентте 162 тұрғын үй салынады. 56-сын бюджет қаржысына, 9-ын ұлттық компания қаржысына, 97-сін инвесторлар есебінен тұрғызады. Жалпы биыл 20 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, қалада құрылыс кезінде инновациялық тәсілдерді қолдану жоспарлануда. Әңгіме тез және үнемді тұрғызу технологиясы, энергияны үнемдеуші технологияны немесе құрылыс барысында ІТ-шешімдерді қолдану турасында», - деп хабардар етті Шымкент әкімінің баспасөз қызметінен.
Әкімдікте атап өткендей, 2017 жылы тұрғын үй құрылысынан бөлек Шымкентте 21 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 11 әлеуметтік нысан, соның ішінде 7 мектеп пен 1 балабақша бар. Өз кезегінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі атап өткендей, тұрғын үй құрылысы облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жүргізіледі. Мәселен, 20 елдімекенде қызметтік тұрғын үй салу жоспарлануда.
«Олардың құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі. Үйлер екі қабатты және әрқайсысында 10 пәтерден болады. Оларды тұрғызуға облыс бюджетінен Т1,6 млрд бөлу жоспарлануда. Тұрғын үйді мұғалім, дәрігер, жергілікті полиция қызметі секілді бюджеттік қызметкерлерге береді», - деп хабаралды ОҚО әкімдігінен.
