Орал қаласында 4 жасар баланы ұрламақ болған айыпталушының ісі сотқа берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы 21 қараша күні жас жігіт анасымен бірге серуендеп жүрген төрт жасар баланы алып қашпақ болған еді. Кейін ол ұсталып, ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлімі 5-тармағына сәйкес (адам ұрлау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі кезде аталған қылмыстық іс Орал қалалық сотына жолданды. Еске сала кетейік, төрт жасар баланы ұрлап кетпек болған 1992 жылғы тұрғынның ұсталғаны жөнінде біз жазған болатынбыз.
