Еуропалық хабар тарату одағы Қазақстанның Еуровидение-2018 конкурсына қатысатынын растамады, деп хабарлады музыкалық байқаудың ресми ақпараттық орталығы.
«Қазақстан конкурсқа қатысу үшін Еуропалық хабар тарату одағының ресми шақыртуын алу керек. Қандай да бір елдің қатысуы толығымен ЕХО шешіміне байланысты», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Алайда, Еуровидение ақпараттық орталығынан хабарлағандай, бұл мәселе бойынша ақырғы жауапты ЕХО әлі берген жоқ.
«Еуровидение музыкалық байқауына ЕХО қатысушы-елдер немесе арнайы шақыртылған серіктестер қатысады. Серіктестердің қатысуы туралы шешімді арнайы топ пен әр жағдай бойынша Еуровидение басшылығы қабылдайды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Еуровидение-2018 қатысушы-елдерінің тізімі жақын арада жария етіледі.
Еске салсақ, бұған дейін 31 арна бас директоры Бағдат Қажахметов қазақстандық орындаушылар 2018 жылы Еуровидение байқауына қатысады деп мәлімдеген болатын.
