Шымкентте түнде құйындатып соққан жел Жаңа жылға арнап безендірілген үш шыршаны құлатып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«21 м/с екпінмен соққан желден әл-Фараби алаңындағы, Ш.Қалдаяқов аллеясындағы және облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы шыршалар құлады. Ақпарат қала әкімдігінің кезекшісіне берілді», - делінген хабарламада. Қазір қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі жаңажылдық шыршаларды қалпына келтіріп жатыр.
