Солтүстік Қазақстан облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрының актері Борис Васко «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының кастингінен сүрінбей өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Театр қызметкерлері ҚазАқпарат тілшісіне Борис Васконың актерлік жолы 1962 жылдан бастау алғанын айтты. 30 жылға жуық уақыт бойы ол облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрында қызмет етіп келеді. «Сахнаның жетекші шебері. Шығармашыл, талантты тұлға. Мінезді актер. Өз мамандығының шебері, жиналған сахналық тәжірибесін ұтымды пайдаланады, театрдың жас әртістерімен шеберлік құпияларын бөліседі», - деген мінездеме берді Борис Васконың әріптестері. Аты аңызға айналған фототілші Иосиф Будневич түсірген суреттерде еліміздің тұтас тарихы бейнеленген. Ол тың жерлердегі атыздарды, алғашқы астық өнімін, кеңестік ғарышкерлердің жерге қонуын, Теміртау домнасының алғашқы іске қосылуын, ядролық полиганның жабылуын және тағы басқа маңызды шараларды алғаш түсірген фотограф. 1992 жылы Иосиф Будневич ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке фотосуретшісі қызметіне шақыртылды.
