16-20 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Сібір антициклонының суық және қуатты сілемдері демалыс және мереке күндері Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа-райын анықтайтын болады. Сондықтан ауа-райы басымырақ жауын-шашынсыз түнгі тұманмен және кәдімгідей суық температурамен күтіледі»,- делінген жұмада таратылған хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде кей жерлерде 30°-тан төмен аяз болады. Бұл күндері Қазақстанның барлық аумағында температура климаттық нормадан 2...5°С төмен күтілуде
