Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУВАЛИЕВ өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл жөнінде аталған басқарманың фейсбук желісіндегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Асхан Мархабайұлы өз еркімен басшылық қызметтен кетіп бара жатқанын хабарлаған және ол мұндай шешімді ұзақ ойлана келе қабылдағанын жазған. Енді А.Байдувалиев бар білімін басшылық қызметке емес, ғылымға жұмсағысы келетінін айтады. Сондай-ақ, ол Денсаулық сақтау министріне, облыс әкіміне және бірге жұмыс істеген әріптестеріне алғысын жаудырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеген.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
