Алматы облысында бір жарым жастағы сәби кіржуғыш машинаның ішінде суға тұншығып өлді. Қайғылы оқиға Кербұлақ ауданының Жоламан ауылында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Белгілі болғандай кіржуғыш машина жартылай автомат режімінде жұмыс істейді.
«Анасы далаға шығып кеткен уақытта қыз бала кішкентай орындыққа шығып, құлап кеткен. Сол сәтте кіржуғыш машина суға толып тұрған», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Мамандардың мәлім етуінше, жағдай абайсызда болған. Бірақ сәбидің нақты неден өлгені сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болмақ. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
