Алматы әуежайында өткен тәулікте 20 әуе рейсі кешіктірілді, деп хабарлады қаланың халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен.
«Кешіктірілген (рейстер – ҚазТАГ) - 20, тоқтатылғаны - жоқ. Қазіргі таңда Алматы әуежайында тік көрінім 290 м., жазықтық көрінім 2 500 м құрап отыр. Әуе кемелерін қабылдау мен ұшыруға шектеу жоқ»,- делінген бейсенбідегі хабарда.
Сонымен 24-25 қаңтардағы тәулікте келесі рейстер кешіктірілді: Алматы-Қызылорда – технкиалық себеп (электроника ақауы), Алматы-Санкт-Петербор – техникалық емес себепке байланысты әуе кемесін ауыстыру, Алматы-Душанбі - техникалық емес себепке байланысты әуе кемесін ауыстыру, Алматы-Ташкент – жолаушы салдарынан (медициналық көмек көрсету), Алматы-Астана – техсебеп (электроника ақауы), Алматы-Мәскеу – жолсерік қатесі, Алматы-Киев – әуе кемесінің кешігуі, Алматы-Тбилиси – жолаушыларды қосымша отырғызу, Алматы-Астана – әуе кемесіне жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету, Алматы-Ақтау – резервтегі жоспарланған ӘК жетіспеушілігі, Алматы-Сеул - резервтегі жоспарланған ӘК жетіспеушілігі, Алматы-Бангкок – тіркеудегі қате, Алматы-Астана – техсебеп (электроника ақауы), Алматы-Семей - резервтегі жоспарланған ӘК жетіспеушілігі, Алматы-Қостанай – әуе кемесінің кешігуі, Алматы-Жезқазған – әуе кемесінің кешігуі, Алматы-Франкфурт – 25 қаңтарға ауыстыру, Алматы-Мәскеу – әуе кемесінің кешігуі, Алматы-Шарджа – Шарджадағы метеожағдайға байланысты, Алматы-Бейжің – әуе кемесінің кешігуі, делінген хабарда.
