Алматы әуежайында қызыл кітаптағы 14 сұңқарды Катарға заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Алматы халықаралық әуежайының «Алматы-Доха» бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушылардың жүктерін ұшаққа тиеу кезінде шекарашылар 3 ағаш жәшікте 14 сұңқар барлығын және олардың сәйкестендіру сақиналарының бүтіндігі бұзылғанын анықтады», - деді шекара қызметінен сейсенбі күні.
Аң аулау кезінде пайдаланылатын аңшылық құстарын тіркеу ережелеріне сәйкес, сұңқарлар алынбайтын сақиналармен немесе микрочиптермен белгіленуі керек.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарының, құқық қорғау органдарының, өзара іс-қимыл жөніндегі органдарының өкілдеріне ұстау фактілері туралы ақпарат берілді», - деп айтты ҚР ҰҚК шекара қызметінен.
