Алматы әуежайында шамамен 20 рейс кешіктіріліп, 4-уі тоқтатылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Сонымен, Алматы халықаралық әуежайының онлайн-табло мәліметіне сәйкес Алматыға келетін 6 халықаралық рейс кешіктірілуде. Олар Нью-Делиден, Мәскеуден, Дубайдан, Бангкоктан, Баку мен Санкт-Петербордан келетін рейстер. Сондай-ақ, ішкі 8 рейстің де кешіктірілетіні жарияланған. Олар: Қызылордадан, Астанадан, Қарағандыдан, Атыраудан, Өскеменнен, Ақтөбеден және Паводардан келетін екі рейс. Ыстамбул мен Үрімшіден келетін рейстер тоқтатылған.
Ал ұшу бойынша Қарағандыға, Павлодар мен Астанаға ұшатын рейстер кешіктіріліп, Ыстамбул мен Үрімшіге ұшатындары тоқтатылған.
Бұған дейін азаматтық авиация комитеті Қарағандыдағы, Павлодар мен Тараздағы әуежайлардың қолайсыз ауа райы салдарынан ұшу-қону жолақтарында көктайғақтың орын алуына орай жабылғанын хабарлаған еді.
