Алматыда алты көліктің соқтығысуынан мүгедектігі бар жүргізуші зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Хабарда атап өтілгендей, ЖКО 5 ақпанда шамамен сағат 01.00-де Байтұрсынов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында болған. Mercedes маркалы автомобилі Байтұрсынов к. солтүстік бағытта жүріп келе жатқан, ал Toyota Harrier маркалы көлігі оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан. Toyota Harrier Байтұрсынов көшесінен Құрманғазы көшесіне қарай солтүстікке бұрылып, Mercedes көлігіне соққан. Соққан Toyota Harrier көлігі айналып кетіп, алыста тұрақта тұрған Subaru маркалы көлігіне соғады, ол соққыдан Toyota Corolla көлігіне соғады, ал ол көлік өз кезегінде тұрақта тұрған Pradoға соғады. Осылайша, ЖКО-да 6 көлік соқтығысады,
ЖКО нәтижесінде бір адам зардап шекті - Mercedes көлігінің жүргізушісі, мүгедектігі бар жүргізуші зардап шеккен. Ол түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
