Алматы полициясы «Целинный»кинотеатры ғимаратына Тоyota көлігінің соғылу себебін анықтау үшін сараптама жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Сот-медициналық сараптама жапа шеккендерге қандай залал келгенін анықтайды. Содан кейін, процессуалдық шешімдер қабылданады», - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, 30 қаңтарға қараған түні Тоyota жргізушісі көлік рөліне ие бола алмай Целинный кинотеатрының ғимаратына соғылған. Жол апатынан екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас болған.
