Қаз   Рус

Алматыда сарапшылар мектептердегі әлімжеттік мәселесін талқылады

10 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 19 Янв 2018, 15:30

Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік проблемасы бүгін Алматыда халықаралық конференция барысында талқыланған басты тақырып болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сарапшыларды оқушылардың бірін-бірі ұрып, видеосын жариялайтын салқынқандылығы алаңдатып отыр. Жиын барысында кластастарының тепкісіне тап болған оқушылар ішкі сырын ақтарды. 16 жастағы Шыңғыс 5 жыл бұрын осындай күйді басынан өткерген.

«Бұл 5-класста болды. Техникалық лицейде оқып жүрген болатынмын. Кластастарым маған қысым жасайтын. Итеріп, ұрып-соғып, мазақтап, күлкі қылатын. Қандай жағдай болмасын мен кінәлі болатынмын. Басымдағы проблемамды ешкімге айтпадым. Өзім шешемін деп ойладым. Күндердің күнінде бір досым мұны мұғалімге айтып қойды, сосын ата-анам білді. Олар мені басқа мектепке ауыстырғысы келді. Бірнеше жиналыс, олардың ата-аналарымен әңгіме өткізілді. Содан кластастарым мені келемеждеуді тоқтатты. Менен де әлсіз адам болса, ол өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін еді», - деді оқушы.

Қазақстанның ЮНИСЕФ жанындағы білім беру және балалар құқығын қорғау бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Адерихина Қазақстанда әр үшінші оқушы кластастарының мазағына айналып отырғанын айтты. ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, Қазақстанның 40 мектебіндегі 402 оқушының 33,0%-ы, яғни әр үшінші оқушы мектептегі зорлықтың құрбаны болып отыр.

«Өкінішке орай, мектептердегі әлімжеттік Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде үлкен проблема болып отыр. Барлық бала оны әке-шешесіне айтпайды. Бұл жерде кешенді әрекет керек. Ата-анасы баланың көңіл-күйіне қырағы болуы тиіс. Біз 2015 жылдан бастап оқушылардың психикалық денсаулығын қалыптастыру бойынша пилоттық бағдарлама іске қосылды. Қазір бұл жоба тестілік режімде Маңғыстау, ШҚО, ОҚО-да жұмыс жасап жатыр. Мектептерде қауіпсіздік командалары құрылды. Оған мектеп әкімшілігі, психолог, мұғалім, учаскелік полиция кіреді», - деді Қазақстанның ЮНИСЕФ жанындағы білім беру және балалар құқығын қорғау бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Адерихина.Сарапшының айтуынша, бұл бағдарлама тестілік режімнен соң Қазақстан Үкіметіне қарауға жіберіледі. Егер үкімет мақұлдаса, жоба Қазақстанның барлық мектептерінде енгізіледі.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!