Қаз   Рус

Алматыны шетелде танымал етуге биыл 122,9 млн теңге жұмсалды

9 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 17 Ноя 2017, 16:20

Алматыны шетелде танымал етуге биыл 122,9 млн теңге жұмсалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Туризм және сыртқы байланыс басқармасынан хабарлады. Биыл әлемде өтетін ірі халықаралық шараларға, атап айтқанда Сингапурда өтетін «ITB Asia 2017», Барселонада өтетін «IBTM World 2017», Лондондағы  «WTM 2017» көрмелеріне қатысу, Үндістан, Иран, Ресей, Қытайда роуд шоу көрсету көзделген. «Алматының туристік имиджін қалыптастыруға, Орта Азиядағы тартымды туристік бағыт ретінде таныстыруға 2017 жылы 122,9 млн теңге жұмсалды»,- деді қалалық Туризм басқармасынан.

Сонымен қатар, Euronews халықаралық телекомпаниясымен Алматы қаласының туристік әлеуеті туралы бейнеролик түсіру және ротация  туралы келісімшарт жасалды. «27-29 маусымнан бастап «Metropolitans» бағдарламасында «Almaty - the city of thousand colors» ролигі жарыққа шықты. «Focus» бағдарламасында түсірілім жұмыстары жүргізілді (бейнеролик шілдеден бері көрсетіліп келеді). 6-9 шілдеден жарнама бейнеролигі түсірілді (бейнероликтің ротациясы 11 қырүкйектен 2017 жылдың соңына дейін жалғасады). 19-20 тамызда Star of Asia фестивалі аясында Cult бағдарламасына түсірілім жұмыстары жүргізілді (бейнеролик 13 қыркүйектен тротацияланады). 

28 қыркүйек - 3 қазан аралығында Алматы қаласы мен облысында «Post cards» бағдарламасы үшін түсірілім жұмыстары жүргізіледі (ротация қазанның ортасынан қарашаның ортасына дейін жалғасады)»,- деді басқармадан. Алматы әуежайының мәліметіне сәйкес 7 айда өткен жылмен салыстырғанда сырттан келетін туристердің саны 22%-ға артқан. Алматы қалалық статистика департаменті осы аралықта сырттан келген туристерге қызмет көрсетуге 18%-ға артқанын хабарлады. «18 қазанда Туристік ақпараттық орталық таратылып, орнына «Visit Center» құрылды. Мұнда туристер Алматыға қатысты барлық мағлұматты біле алады», - деді басқармадан.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!