Қаз   Рус

Ақмолада желіге әдепсіз суреттерін салган мемқызметшілер жауапкершілікке тартылды

39 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 26 Янв 2018, 12:30

Ақмола облысында әлеуметтік желіге талапқа сай емес суреттерін жариялаған мемлекеттік қызметшілер жуапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің әдебіне қатысты 2017 жылы 14 отырыс өтіп, онда 86 мәселе қаралған. Оның ішінде көбі жемқорлыққа қарсы іс қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы алдын алу шаралары төңірегінде болды. Оған қоса, тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 22 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке (5 -мемлекеттік қызметінің абыройына нұсқан келтіру, 17- Әдеп кодексін бұзу) тартылды.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен Әдеп кодексінің сақталуын бақылау мақсатында 88 тексеріс жүргізілді. Соның нәтижесінде 39 заңнама бұзушылықты жою туралы ұсыныс жасалды. Шағымданған  31 азаматтың құқығы қорғалды. Оған қоса, 10 тәртіптік іс қозғалды.

Ал, 2017 жылдың наурыз және тамыз айлары аралағында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі 4 мың жеке парақшаларына жүргізілген  мониторингтің қорытындысына сай әшкерлейтін мінезде 270 сурет анықталды.

«Олар мемлекеттік қызметшінің шетелде демалу сәті, көңіл көтеру орындарында алкогольдік ішімдіктер және қару бейнеленген суреттері. Осыған мемлекеттік мекемелерге ақпарат хат жолданып, суреттер мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларынан алынып тасталды.  Оның ішінде 17 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды», деп түсіндірді Дархан Хайруллин.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!