Қарағанды облысының үш ауылына, 8 көшеге, бульварға және шағын ауданға жаңа аттар берілетін болады, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.
«Киевка кенті - «Нұра» деп аталады, ал Дальний кенті – Аманкоңыр ауылына, Щербаковск ауылы – Қайнарға өзгертіледі», - деп облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлнәрайым Қантарбекова айтты.
Ол сондай-ақ, аймақтағы 8 көшеге жаңа аттар берілетінін де айтты.
«Приозерск қаласының орталық көшесі Тәуелсіздік, Новая көшесі - Қоржынтүбек Нагорная к. – Көкжиек, Пионерская к. - Ақмамық, Приморская к. - Байтерек, Приозерная к. – Көктеңіз, Песчанная к. - Наурыз, «Кеңес әскерінің бульвары» «Жеңіс» бульвары болады, Сәтбаев қаласының №6 ықшамауданы енді «Нұрлы Мекен» деп аталады», - деді Г.Қантарбекова.
Алдағы күндерде облыстық мәслихат депутаттары қабылдаған қаулы әділет органдарында тіркеледі.
