Арқалықта құны 300 млн. теңгеден астам тұратын балабақша ашылды, деп хабарлайды тілші.
«Балдырған» балабақшасының 150 орынға арналған бос ғимаратын жөндеу және қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Жобаның құны 300 млн. теңгеден асады», - деді тұрғындармен кездесуде Арқалық қаласының әкімі Амантай Балғарин.
Ол жұмыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылғанын атап өтті.
«Өткен жылдың күзінде «Алюминстрой» ЖШС бос ғимаратты қайта жаңартты. Жаңа балабақша балабақшалардың тапшылығы мәселесін ішінара шешеді.
Бұл жобаны іске асыру балабақшалардың жетіспеушілігі проблемасының ауырлығын азайтуға ғана емес, 48 адамға жұмыс орындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді А.
