Қаз   Рус

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургтер жалақысын көтеру жоспарлануда

17 қаралды
0
kaztag.kz
Среда, 24 Янв 2018, 16:00

«АрселорМиттал Теміртау» жалақыны көтеруді жоспарлауда, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Көмір департаменінің жер үстіндегі жұмысшыларына, «Өркен» ЖШС мен болат департаментінің, сондай-ақ болат департаментінің басқа да қосалқы қызметтеріне грейдерлік жүйеге сәйкес 30% көтеріледі», - деді сәрсенбіде «Қорғау» кәсіподақ басшысы Марат Миргаязов.

Оның айтуынша, сонымен қатар компанияда «болат департаментінің жұмысшыларының, көмір департаменті жер үсті тобының жұмысшыларының жалақысын көтеру туралы мәселе 2018 жылдың 26 қаңтарына дейін қаралып, шешіледі».

«Бұйрық шықты. Жер асты топтары бойынша 100% бәрі шешілді: тарифтік мөлшерлеме мен жалақыны 30% көтеру және 3,55% көлемінде индекстеу. Жер үстіндегі жұмысшылар бойынша әлі нақты ештеме жоқ. 2018 жылдың 26 қаңтарына дейін біз мәселені нақты реттеуіміз керек – кімге және қанша деген сияқты», - деді М. Миргаязов.

Қазіргі таңда осы мәселе бойынша күн сайын жұмыс комиссиясының отырысы өтіп жатыр, деді ол.

Еске салсақ, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы таратқан хабарда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Өркен» ЖШС тізіміндегі барлық жұмысшылардың жалақылары мен тарифтері көтеріледі делінген еді. Көмір департаментінің жер астындағы топ жұмысшылары мен «Өркен» ЖШС Атасу темір кен орнындағы жұмысшыларға − 30%, оған жалақыны 3,55% көлемінде индекстеуді қосыңыз, ұжымдық шартқа сәйкес.

Бұған дейін хабарланғандай, 11 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртауда» 4 кеніштің шахтерлерінің бір бөлігі түнгі ауысымнан кейін жер бетіне көтерілмеген еді. Олар бірқатар талаптар қойған. Оның негізгісі жалақыларын 100% көтеру. Наразылық бірнеше шахталарда болып, 4 күнге созылды.

Кеншілердің ереуілі кезінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шахталардағы ең төменгі жалақы 320 мың теңгені құрайды деген мәліметті келтірген. ($900 жоғары). Ал кеншілер жалақыларының Т120 мың - Т210 мың аралығында екенін мәлімдеген. Кейін министрлік кеншілердің жалақысы туралы ресми мәліметтердегі айырмашылықты анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізетінін мәлімдеді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!