Енді азаматтар мемлекеттік органдарға қатысты арыз шағымын 3-5 минут аралығында діттеген органға жеткізе алады деп хабарлады 24.kz. Атырау «Қамқор» мобильдік қосымшасы ресми түрде қолданысқа енгізілді. Бүгінгі заман талабына сай әзірлеген жаңа жоба көпшіліктің уақытын үнемдеп қана қоймай, нәтижелі болуымен де ерекшеленеді. Мәселен, телефонына арнайы қосымшаны енгізген тұрғын өзінің мемлекеттік мекемелерге қатысты шағымын жолдай алады. Ал оны прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының мамандары бірден қажетті мекемелерге жеткізеді. Мұнда тек арыз мәтіні ғана емес, оған негіз боларлық фото, бейнематериалдарды да қоса жолдауға мүмкіндік бар. Жаңа жобаны кеңінен қолданысқа енгізу үшін прокуратура мен жергілікті әкімдік арасында арнайы меморандумға қол қойылған. Әбу-Әли Саттар, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары: – «Қамқор» атты мобильдік қосымшаны енгіздік. Әрбір азамат бұл мобильдік қосымшаны өзінің смартфонына қосып, арызын мемлекеттік органға жіберуге құқылы болады. Біздің жергілікті басқарма бұл арыздарды уақытында мәселе бойынша қарап отырады.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
