Астана қаласының тарихи ауданында 4 жылда 12 балабақша салу жоспарлануда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Хабарда айтылғандай, «Алматы» ауданында 12 балабақша салу жоспарлануда. Алдағы төрт жылдың ішінде «Алматы» ауданында 4 мың орынға арналған 12 балабақша салыну жоспарланып отыр, деп мәлімдеді аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев халықпен есептік кездесуі барысында. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Дәл қазіргі таңда «Алматы» ауданында тұратын 15 мыңнан астам бала (мектепке дейінгі балалардың жалпы саны 59%) балабақша кезегінде тұр.
«Өткен жылы орынның жетіспеушілігін азайту мақсатында екі балабақшаның құрылысы аяқталған болатын. Алдағы төрт жылда ауданда 4 мың орынға арналған 12 балабақшаның құрылысы жоспарланып отыр», – деді Әділбек Сәрсембаев.
Бүгінде ауданда 19 442 орынға арналған 132 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, оның 36-сы – 10 151 орынға есептелген мемлекеттік балабақша. Сонымен бірге, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 96 жекеменшік балабақшадан 9 291 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді.
