Қаз   Рус

Астана қауіпсіздігі қанша қаражатты қажет етеді

183 қаралды
0
kaztag.kz
Четверг, 09 Ноя 2017, 15:10

Астанадағы қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алдағы үш жылда 27 миллионнан астам теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазТАГ елорда әкімдігінің медиа-орталығына сілтеп.

Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссиясының отырысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс, дін қызметі мен ішкі саясат салаларындағы 2018-2020 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы қаралды.

Депутаттар мен комиссия алдында баяндама жасаған Астана қаласы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді алдағы үш жылдық кезеңде елордадағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау саласына 27, 6 млн теңге бөлінетіндігін жеткізді. Оның айтуынша, 2018 жылы аталмыш мақсатқа 8,8 млн теңге қарастырылған.

«Жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ету елордамызда тұру ыңғайлылығын, оның халықаралық имиджінің ажырамас бөлшегі болып табылады. Осы мақсаттарға бөлінген қаржы негізінен Астана қаласы ІІД-нің барлық қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері үшін еңбектің оңтайлы жағдайын жасауға, қажетті мүлікпен, арнайы құралдармен қамтуға және тағы да басқа мүдделерге жұмсалатын болады» – деп атап өтті Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

Ерғали Егембердінің мәліметінше, аумақтық қорғаныс және халықты азаматтық қорғау шараларын орындауға үш жылдық бюджет жобасында 9,4 млн теңге қарастырылған. Оның 5, 8 млн теңгесі 2018 жылы бөлінеді деп жоспарланып отыр. Қаражаттың басым бөлігі азаматтарды әскери қызметке шақырудың сапалы рәсімін жүргізу үшін Астана қаласының шақыру пункттерін қажетті ресурстармен қамтуға, аумақтық қорғаныс мүлігі мен азаматтық қорғау құралдарының қорын құруға, сонымен қатар Қазақстан Халқы Ассамблеясының шаралары аясында Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ қызметімен қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ішкі саясат және Дін істері басқармаларының алдағы үш жылға арналған бюджет жобасына да тоқталып өтті.

«Елорда аумағында ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы Ішкі саясат басқармасына 1,4 млн теңге, Дін істері басқармасына 6,2 млн теңге қарастырылуда. Шығындар негізінен мемлекет пен халық арасындағы қатынасты нығайтуға, діни ахуалды зерттеу мен саралау шараларына, әлеуметтік зерттеулерге, ақпараттық саясатты жүргізу шараларына бағытталатын болады», - деді Ерғали Егемберді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!