Астаналық цирктің әртісі акробатикалық нөмір орындап жатқанда биіктіктен құлап, көптеген жері жабық тұрде сынған, деп хабарлады Астананың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
«Науқас 2017 жылдың 23 желтоқсанында шұғыл түрде сағат 15.00-де №2 қалалық ауруханаға тсті. Диагнозы: «Қосарлас жарақат, жабық бас сүйек-ми жарақаты. Бас миының шайқалуы. Көптеген жабық сынықтар», - деді дүйсенбіде баспасөз қызметінен.
Дәрігерлердің айтуынша, науқас кепіл берілген тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналық көмек алып жатыр.
«Ол консервативті ем қабылдауда, шұғыл түрде емдеуге қажеттілік жоқ. Жағдайы тұрақты. Шығымы жоқ», - деді басқармадан.
Қазіргі таңда цирк әртісі травмотология бөлімінде.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Астанада өнер көрсетіп жатқанда биіктіктен гимнастшы қыздың құлағаны туралы видео жарияланған еді.
