Елордада газ бағасы 1 ақпаннан бастап 6,5%-ке қымбаттады, деп хабарлады Елорда Инфо «Вечерняя Астана» гезетіне сілтеме жасай отырып.
«Астана қ. орталық газбен қамтамасыз ету» ЖШС Астана бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің департаментіне сұйытылған мұнай газының газ тарату қондырғылары арқылы көтерме сату қызметінің шекті бағасын көтеру туралы хабарлама жіберді», - делінген дүйсенбіде жарияланған хабарламада.
«9% өсіммен ҚҚС-сыз қолданыстағы баға тоннасына 117310,40 теңге болғанда серіктестіктің жобаланған шекті бағасы тоннасына 127861,15 теңгені құрады. Алайда департамент ақпаратты қарай отырып, 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап тоннасына 124898,65 теңгені мақұлдады, өсім 6,5% құрады», - деп түсіндірілген хабарламада.
Департаменттің мәліметі бойынша, серіктестіктің шекті бағаны көтеруінің негізгі екі себебі бар. Біріншісі – 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР энергетика министрінің жарлығына сәйкес ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасының 12,8%-ке артуы.
Екіншісі - «АстанаГазҚызмет» ЖШС үшін сұйытылған көмірсутегі газын газ құбыры бойынша топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушылар үшін кранға дейін тасымалдау бойынша 2017-2021 жылдырға арналған тарифтің шекті деңгейі бекітілді. Оған сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тариф тоннасы үшін ҚҚС-сыз 14770,47 теңгені, ал өсім 9,78% құрады.
