«Тоғыз жол торабындағы Астана» (Астана – город на девяти перекрестках) атты фото-құжаттық көрмені ұйымдастырған Мемлекеттік архив, ел астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыруға байланысты сирек суреттер мен құжаттарды бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Астананың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мемлекеттік архив астананы ауыстырудың тарихымен танысқысы келетіндер үшін есігін айқара ашты. Мемлекеттік архив пен ҚР Орталық Мемлекеттік архив, ҚР Ұлттық архиві бірінші рет бірегей құжаттар мен суреттерді жариялап отыр. Көрмеде қаланың жаңа статусқа ие болудағы кезеңдеріне жаңаша көзбен қарайсың.
Көрмеге айтулы көрермендер Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев, Беларусь республикасының елшісі Анатолий Ничкасов, Ресей Федерациясы елшілігінің атташесі Софья Гальчина келді.
«Ұлы мемлекеттер мен қлы билеушілердің еншісі – жаңа астана салу. Тарихта мұндай мысалдар өте көп. Дегенмен, әрбір мысалдың өзіндік қолтаңбасы, сол елдің басшысының күш салғаны, жаңа қала салу туралы шешімі білініп тұрады. Сәулетші ретінде Астанада елші ретінде жұмыс істеп жатқанымды мақтаныш етемін. Астана ұрғындарына және осынау ғаламат ойдың авторы Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық, шығармашылық табыс пен өркендеу тілеймін», - дейді Беларусь Республикасының елшісі Анатолий Ничкасов.
Мемлекеттік архивтің коллекциялар қатары Астана қаласы әкімдігінің түрлі делегациялардан келген кәдесый және сыйлықтарымен толықтырылды. Көрменің басты байлығы болып Астананың бірінші әкімі Әділбек Жақсыбековтің жеке қорынан алынған құжаттар, мақтаулар, еңбектер мен Ақмола қаласы орталық органы мен жоғары дислокация бойынша республикалық мемлекеттік комиссияның төрағасы Фарит Галимовтың жеке қорынан алынған фтотматериалдар құндылығын танытты.
Көрме желтоқсан айының соңына дейін келушілер үшін ашық.
Астанада балаларға арналған жаңа жылдық интерактивті ертегі қойылады
Желтоқсанның 22–30 аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында балаларға арналған «The Snowman show» интерективті ертегісі қойылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
«The Snowman show» триллер жанрындағы интерактивті ертегісі күн сайын қазақ және орыс тілдерінде қойылады. Шоу барысында ертегі қонақтарымен кездесу, балаларға арналған дискотека, ән кеші жәнеде қызықты ойындар мен флешмоб ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылар мұндай жаңа жылдық ертеңгілік кеш елорда төрінде алғаш рет ұйымдастырады деп отыр.
«Аталмыш шоу аяқталғаннан кейін, Бейбітшілік және келісім сарайының фойесінде Аяз ата және Ақшақармен мерекелік би кеші, аниматорлармен түрлі ойындар өткізіледі. Сонымен қатар «The Snowman show» кейіпкерлерімен суретке түсетін бірнеше фотоаймақ орналастырылады», делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.
