ҚХДР мен Корея Республикасы арасындағы өзара әрекеттерге ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді.
«Екі ел арасындағы байланыс желісінің қалпына келуі түбектегі жағдайдың дамуының жақсы беталысын көрсетеді. Мазасыздық бәсеңдейді деген де үміт бар», - деп жазды өзінің Twitter-дегі парақшасында Қ. Тоқаев.
Сондай-ақ, ХОК КХДР спортшыларының Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға баруына қолдау білдірген ол, бұл дұрыс шешім деп атап өтті.
