Ақтауда 2017 жылғы ұрпаққа жіберілген капсула табылмады, деп хабарлады ҚазТАГ Ақтау қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы Бисенғали Кенжалиевтің сөзіне сілтеме жасап.
«Бүгін, 29 қарашада «Кала жолдары» ЖШС қызметкерлері 50 жыл бұрын хат жазған капсуланы іздеуді жалғастырды. Олар стелла бетон іргетасты көтерді, бірақ ешқандай капсула болмады», - деді Б.Кенжалиев.
Ұйымдастыру комитетінің отырысында одан әрі іс-шаралар талқыланды.
Шенеуніктер капсуланы 90-жылдардағы вандалдар ұрлауы мүмкін деді. Ресми және толық ақпарат кейінірек ұсынылатын болады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28 қарашада Ақтаудағы «Кала жолдары» компаниясының қызметкерлері 2017 жылғы ұрпаққа жолданған «уақыт капсуласын» іздестірумен болды. Оның іздеу сәрсенбіде жалғасты. Жұмысшылар «2017 жылғы ұрпаққа Мағышылақты игерушілерден» деген жазуы бар, ішінде уақыт капсуласы бар болу ымүмкін гранит іргетасты бұзды.
7 қарашада Ақтауға Петропавл, Мәскеу, Астрахань, Алматы және басқа қалалардың тұрғындары 2017 жылғы ұрпаққа арналған капсуланың ашылуын көруге келді. Құжаттың ашылуын кейінге, 2017 жылдың 1 желтоқсанына қалдыру туралы жаңалыққа адамдар қатты наразылық білдірді.
Әкімшіліктің айтуынша, Марина Остапенко Ижевск қаласынан капсуланың ашылу рәсіміне келмек. Оған 1967 жылы 7 қарашада капсула салу құрметі берілген екен. Қалалық билік әйелдің жол шығынын төлеп беріпті.
