Ақтаудың бұрынғы әкімі Серікбай Трумов Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Облыстық мәслихаттың хатшысын 22 қарашада кезектен тыс сессияда тағайындады.
Маңғыстау облыстық мәслихаты хатшысының қызметін 2016 жылдың наурызынан бастап 2017 жылдың тамызына дейін атқарған Бекмұрат Жүсіпов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне ауысты.
Еске салсақ, С. Трумов қазан айының аяғында Ақтау әкімі қызметінен кеткен болатын. Оны №6 округ бойынша облыстық мәслихат депутаты етіп тағайындады.
С. Трумов 2015 жылдың шілдесінен бастап Ақтау әкімі болды, ал бұған дейін 2012 жылдың ақпанына дейін Жаңаөзен әкімі болған.
