Ақтөбелік шебер Алтынбек Сейдалиев ағаш жапырағына әнші Димаш Құдайберген, боксшы Геннадий Головкин және Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бейнелерін салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе облысы, Алға ауданында тұратын Алтынбек Сейдалиев ағаш, темір, пластмасса, қағаздан түрлі бұйымдар жасайды. Тіпті жұмыртқадан, қарындаштан кәдесыйлар әзірлеп жүр. Шыдамдылық пен ұқыптылықты қажет ететін қолөнер бұйымдары көпті таңқалдырады, сүйсіндіреді. Мұның бәрін шебер Алғадағы орта мектеп оқушыларымен бірге іске асырады. Шебердің шәкірттері де түрлі тәжірибелер жасап, мотоциклдің үлгісін, ағаштан бесік, пенопласттан мүсіндер дайындап жүр. Ал ағаш жапырағынан жасалатын бұйымдары өте нәзік жұмыс. Мұнда қателесуге, арнайы өңдеуден өткен жапырақты бүлдіруге болмайды.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
