Атырауда спорттық мафия бойынша Қазақстан кубогы өтті, деп хабарлады МИОФ президенті Артур Тасуньян.
«Қазақстанда алғаш рет спорттық мафиядан Qazaqstan Maf Cup 2017 Қазақстан кубогы өтті. Турнирге Қазақстан мен Ресейден 40 ойыншы қатысты», - деді А. Тасуньян.
Атап өтелік, спорттық мафия спорттық бағыттағы жарыс ретінде барынша танымал болуда. Келесі жылға Қазақстанда 7 турнир жоспарланған, олар Mafia World Tour рейтингінің әлемдік жүйесіне кіретін болады.
Өткізілген турнир Мафия интеллектуалдық ойындары федерациясының қолдауымен өтті және Mafia World Tour рейтингіндегі 5 жұлдыздың 4 жұлдыздық мәртебесіне ие. .
Мафия – ұйымдаспаған көпшілігі бар ұйымдасқан топтың бірі-бірінің мүшесі туралы хабардар етілгендердің күресін үлігілейтін детективтік сюжеті бар салондық командалық психологиялық рөлдік ойын.
Сюжеттік желісі: мафияның әрекетінен шаршаған қала тұрғындары олардың барлығын біреуін қалдырмай түрмеге отырғызу туралы шешім шығарады. Оған жауап ретінде мафия барлық бейбіт тұрғынды жою үшін соғыс жариялайды.
