Қаз   Рус

«Қазақ хандығы» деген жаңа ойын пайда болды

15 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 27 Дек 2017, 10:30

Қазақ хандығы тақырыбы жаңа отбасылық үстел ойынына арқау болды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы. «Қазақ хандығы» деп аталатын бұл ойынға бір дегеннен төрт қарсылас қатыса алады. Ойыншылар өзара сұлтандардың рөлінде болып,  түбінде хан атануға тырсады. Ол үшін қазақ руларының қолдауын сұрауға жасауылдарды жібереді. Туының астына ең көп ру жинаған сұлтан жеңімпаз болып,  хан сайланады. «Біз Қазақ хандығы туралы тек жазба түрінде ғана ақпарат аламыз. Ал мұнда қатысушылар ойын арқылы-ақ хандыққа бастар жолдың оңай емес екенін түсінеді. Ойынның ішінде қазақ халқының салт-дәстүрі де есекерілген.  Мәселен,  қарсыласыңызға барымта жасасаңыз болады. Сондай-ақ «көрімдік», «қалың мал», «тойбастар» деген картаны аша отырып, қарсыласыңызға қолқа салып, ұпай жинауыңызға болады», - деді  ойын авторы Қобыланды Жаңабекұлы. Тың идеяны тапқан туынды авторы ойынның ерекшелігі де осында, дейді. Онда қазақы құндылық ойынға қатысушылардың сауатын ашып, қосымша ұпайға ие болуға мүмкіндік береді. Бас-аяғы 50-ден астам рудың аумағына киіз үйді кем дегенде жарты сағаттың ішінде тігіп тастауға болады екен. Ал оны тым күрделене түскен  тәсілмен ойнаса  бәйге 4 сағатқа созылуы мүмкін. Ойын жинағына бас-аяғы 20 қаһарман қартасы, яғни, екі тарап бір жерге таласқанда ортаға тастайтын ұпай 80 билік жетоны және  80 киіз үй кіреді.   Егерде екі ойыншы бір рудың аумағында киіз үйді бір мезетте  тіккісі келсе, онда олар ішінара шайқасады. Мәселен, арнайы ұпайы көрсетілген қарталарды бір уақытта тастайды. Мәселен, мен батыр деген «5» ұпайымды ортаға лақтырсам, қарсыласым тұлпарын «2» ұпаймен ортаға салуы мүмкін. Кімнің ұпайы жоғары, соңында сол жеңіске жетеді. Әйтсе де, ескеретін жәйт, әрбір киіз үйдің бір-бір ұпайдан тағы да беретіндігін  ескерген жөн. Айта кетейік, ойында әрбір қарсылас өз қалауы бойынша сағат тілімен 1-ден 5-ке дейін қадам жасай алады. Ойын авторы қажет болса, бұл ермек түрін одан әрі күрделі ете түсуге болады, дейді. Мәселен, қосымша ұпай жинау үшін бір аумақта бетпе-бет кездескен қатысушылардың қарта арқылы қарсыласын  шетке ысыру үшін өзінің емес, әуелі  өзгенің қолында қанша ұпай бар екенін есептету қажет екенін үйретеді.  Отбасылық ойынға арифметикадан хабары бар  барша жан қатыса алады.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!