2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 9,1 млн тонна астық пен ұн экспорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Алтаев.
«Жылдың соңына дейін 9,1 млн. тонна жүк тасымалдаймыз. Астық - 5,8 млн. тонна, ұн - 2,3 млн. тонна. Өткен жылы экспортқа 8,7 млн. тонна тиелді. Яғни, биылғы жылдың соңына қарай біз экспортты 400 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді Н. Алтаев Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің сейсенбідегі отырысында.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін 1,3 млн. тонна астық пен ұнды 16,5 мың вагон немесе 11 940 астық тасығыш және 4767 жабық вагонмен экспорттау жоспарланып отыр. Алайда, қазан айынан бастап вагон паркінің жетіспеушілігі байқалды.
«Біздің ойымызша, вагондардың жетіспеушілігінің негізгі себептері Ресейде бұрын-соңды болмаған астық болды - 133 млн. тонна астық, ал Украинада 90 млн. тонна. Нәтижесінде, бұл үлкен көлемдегі астық біздің дәстүрлі нарықтарымызға, яғни Әзірбайжанға, Грузияға және Түркияға бара бастады.
Біздің астық ауған нарығына ауысты. Инфрақұрылым Қазақстаннан баратын дәл осы көлемге сәйкес келмегендіктен, кептеліп қалатын станциялар тым көп болды, вагондардың айналымы мен кері қайтарылымы азайды», - деді вице-министр.
«Бүгінгі күні Галабе стансасында (Өзбекстан - ҚазТАГ) уақытында қайтарылмайтын 3,5 мыңға жуық автокөлік бар, олар 4 қарашада жіберілді, бірақ сол жерден әлі оралмады», - деді Н.Алтаев.
