Қазақстандағы апат салдарынан 7 қарашада Өзбекстан Интернетке кіре алмай қалды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Өзбектелеком» ұлттық операторы интернеттің сөніп қалу себебін атады. Қолайсыздықтардың тууына «көршілес мемлекет аумағындағы жоспардан тыс апаттық-қайта қалпына келтіру жұмыстары» себеп болған», - делінген оператор хабарында.
Өзбек БАҚ атап өткендей, 7 қарашада шамамен 14.00-14.45 аралығында Өзбекстанда Қазақстан аумағындағы апат салдарынан сыртқы сайттарға қосылу уақытша мүмкін болмады. Сондай-ақ, «Өзбектелекомда» ескерткендей, 8 қарашада да екі сағаттай интернет уақытша сөніп қалуы мүмкін
